«СОТ КАБИНЕТІ» АҚПАРАТТЫҚ СЕРВИСІ ХАЛЫҚҚА ТИІМДІ
«Сот кабинеті» ақпараттық сервисі электрондық сервис болып табылады және сот органдарының қызметіне қол жеткізудің бірыңғай терезесі. «Сот кабинеті» халық арасында кең таралып, адвокаттардың, судьялар мен сот қызметкерлерінің жұмысына тиімді.
«Сот кабинеті» ақпараттық сервисі - сот құрылымының заманауи технологиясы. Осы сервистің негізгі ерекшелігі –азамат, оның адвокат тұлғасындағы өкілі немесе заңгер кез келген ыңғайлы уақытта үйінен немесе кеңседен шықпай -ақ интернет желісі арқылы сот құжатын, сондай-ақ тараптар арыздарын, өтініштерін, шағымдарын және т.б. сот ісіне қатысты барлық құжаттарды сотқа жолдай отырып қана қоймай, істің қозғалысын қарап отыруға мүмкіндіктері бар, сот актісін басып шығара алады. «Сот кабинеті» сервисі арқылы заңды тұлғалардың мемлекеттік баж төлеу мәселесі шешімін тауып жеке тұлғаның төлем карточкасына арқылы бажды төлеу,сондай-ақ төлем құжатының сканерден өткен көшірмесін беру мүмкіндігі бар.
«Сот кабинеті» ақпараттық сервисіне кіру үшін ЖСН немесе БСН, сондай -ақ пароль арқылы жүзеге асырылады. Әрбір сотқа жүгінген азамат «Сот кабинеті» арқылы арыз беру үшін халыққа қызмет көрсету орталығынан электронды цифрлы қолтаңба алуы қажет. Сот ісін жүргізуге қатысушы тұлға электрондық цифрлық қолтаңбасын алып, «Сот кабинетінде» тіркелуден өтуі керек. Аталған қызметтерді электронды цифрлы қолтаңбасы бар азамат тұтына алады.
Сот кабинеті тараптардың және сот қызметкерлерінің уақытын үнемдеуге, септігін тигізуде. Тараптар арыздарын, өтініштерін, шағымдарын және т.б. тапсыру үшін сотқа келуге қаражатын жұмсамай бірден электронды нысанда жолдайды, ал сот қызметкері құжаттарды сканерден өткізіп уақытын жұмсамайды. Өйткені құжаттар электронды түрде соттың базасына түседі.
Сот жүйесіне қазіргі жаңа технологияларды енгізу және қолдану сот ісін жүргізуді жеңілдетеді.
Н.Жакупова
Жаңақала аудандық сотының жетекші маманы
[xfvalue_img]