Отбасылық дауларға қатысты
Некенің сақталуына екі тарап қандай мүдделі болса, мемлекет те сондай мүдделі. Себебі әр отбасы мемлекеттің бір бөлшегі. Ата Заңымыздың 27 бабында «Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады» делінген. Неке құру заңды түрде жүзеге асырылады және ол мемлекеттік органдар арқылы тіркеліп, есепке алынады. Сондықтан, кез келген адам өз еркімен қалаған уақытта некені бұза алмайды. Некені бұзудың өз заңдылығы мен тәртібі бар. Бүгінде сот саласында неке бұзу, алимент өндіру, мүлікті бөлісу секілді отбасылық дауларды жиі кездестіруге болады. Сондықтан ажырасуға бел бумас бұрын, оның зардабын, ортадағы балалардың жағдайын, ата-ана мен ағайындардың қатынасын, айналаңның кыңыр көзқарасын терең ұғынып, шаңырақ шайқалтуға тұратын әрекет пе екендігін түсініп, бағдарлаған жөн.
Жастардың үлкендерге құрмет көрсетуі, үлкендердің кішілерге ізет білдіруі өмір сүру салтына айналған. Қоғамда берік қалыптасқан осындай көрегенділікпен өмір кешу дағдылары жинала келіп, барша адамгершілік қағидалардың, Имандылықтың жазылмаған кодекстерінің қалыптасуына негіз болған. Отбасын құру оңай шаруа емес, сондықтан оған үлкен дайындықпен келу қажет. Соған қарағанда кейбір жастар ел еркіндігін, отбасы жауапкершілігін түсінбей жүрген сыңайлы.
Отан - отбасынан құралады. Ал, отанды сүю - отбасынан басталады. Отбасы берік болса, еліміз де мықты.
Ықылас АБДУЛЛИН,
Бөкей ордасы аудандық
соты әкімшісінің бас маманы
[xfvalue_img]