Некені бұзудың некені жарамсыз деп танудан айырмашылығы

Некені бұзудың некені жарамсыз деп танудан айырмашылығы

Некені жарамсыз деп танудың некені бұзудан өзіндік айырмашылығы бар. Егер некені бұзудан кейінгі тұлғалардың құқықтық қатынастары тоқтатылса, ал некені жарамсыз деп тануда тұлғалардың құқықтық қатынастары ол тіркелген кезден бастап тоқтатылған деп саналады. Сондықтан, жарамсыз деп танылған некеде тұрған ерлі-зайыптылардың ҚР «Неке және отбасы туралы» Заңында қарастырылғандай ешқандай құқықтары мен міндеттері туындамайды.

Некені бұзудың некені жарамсыз деп танудан айырмашылығы – егер неке бұзылса некеге тұрған тұлғалардың арасындағы қарым қатынастар болашақ та тоқтатылса, некенің жарамсыз деп тануымен қарым-қатынастар некеге тұрған сәттен бастап тоқтатылады. Бұл некенің мүлдем тіркелмегеніндей болады. Сонымен қатар, некені бұзу мен жарамсыз деп танудың айырмашылықтарының бірі некені бұзу үшін сотта ерлі-зайыптылардың біреуі, ерекше жағдайларда прокурор немесе қорғаншысы талап етуге құқылы болса, некені жарамсыз деп тану үшін осы тұлғалармен қоса, осы неке арқылы құқықтары бұзылған жеке немесе қоғамдық мүдделі тұлғаларда талапкер бола алады.

Неке ерлі-зайыптылардың бірге тұра алмауы негізінде бұзылса, некені жарамсыз деп тану кезінде ерлі-зайыптыларға татуласу үшін уақыт берілмейді.

Некені жарамсыз деп танудың негіздерінің бірі – некеге тұру шарттарының бұзылуында, яғни өзара ерікті келісімі, неке жасына жетпеуі мен олардың заңда көзделген төмендетуге келісімінің болмауы, жалған неке, жеке басының немесе қоғамның қауіпсіздігіне нақты қатер төндіретін ауруы бар екенін жасырса, заңда белгіленген некен тұру шарттары бұзылған жағдайда.

Аталған некені жарамсыз деп тану негіздерінің әрқайсысы өзіндік қағидаттарымен ерекшеленеді.

Жоғарыда айтылған себептермен сот некені жарамсыз деп тани алады. Сотта әр тұлғаның өз әділдігін, некесінің дұрыстығын қорғауға, дәлелдемелер ұсынуға құқылы. Сонымен қатар заңда некенің жарамсыздығын болғызбайтын негіздер де көрсетілген.

Қазақстан Республикасының Конституциясында көрсетілгендей, неке мен отбасы, ана мен әке, бала мемлекеттің қорғауында болады. Некені жарамсыз деп тану мұндай некеде туған немесе неке жарамсыз деп танылған күннен бастап заңда көрсетілген уақыт ішінде туған балалардың құқығына нұқсан келтірмейді. Адал ниетті жұбайы азаматтық заңдарда көзделген ережелер бойынша өзіне келтірілген материалдық және моральдық зиянды өтеуден талап етуге, өзі неке қиюды мемлекеттік тіркеу кезінде таңдаған тегін сақтап қалуға құқылы. Отбасы құқығында арнайы санкцияларының бірі болып табылатын – некені жарамсыз деп тану адамдардың конституциялық құқықтарын қорғайды.

Г.Әбдіғалиқызы, Жаңақала аудандық сотының бас маманы.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.