Сот кабинеті
Сот кобинеті — Қазақстан Республикасы соттарының сервистеріне электрондық түрде қол жеткізудің бірыңғай терезесі. Әкімшілік, азаматтық және қылмыстық істер бойынша электрондық өтініштер, өтініштер мен шағымдар беруге арналған. Сот кабинетіне тіркелген және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде сот істері мен материалдары бойынша өтініш жіберу және ақпарат алу үшін Сот кабинетінің қызметтерін пайдаланатын кез келген жеке немесе заңды тұлға «Сот кабинетінің» пайдаланушысы бола алады.
Соттар өздерінің күнделікті тәжірибесінде IT-технологиялар мен Интернет-ресурстардың мүмкіндіктерін кеңінен пайдаланады. Жаңа технологиялар сот ісін жүргізу уақытын едәуір қысқартады және соттардың жұмысын арттырады.
Қазақстанда сот ісін жүргізудің жеделдігі мен қолжетімділігін қамтамасыз етудегі аса маңызды қадамдарының бірі «Сот кабинеті» электрондық сервисін енгізу болды. Осы жүйе арқылы азамат, оның өкілі немесе адвокат өзіне ыңғайлы кез келген уақытта үйден, кеңседен шықпай-ақ интернет арқылы сот органдарына жүгіне алады. «Сот кабинеті» арқылы өтініштерді, арыздарды, шағымдар мен өтініштерді электрондық түрде дайындау және беруге болады.
Сервистегі электрондық сот құжаттарын қарауға, сақтауға және жүктеуге болады, сондай-ақ талап арыз туралы ақпаратты, істі қарау барысын қарауға болады. Осы қызмет арқылы апелляциялық шағым/жеке шағым, сот актісін қадағалау тәртібімен қайта қарау туралы өтініш, жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша сот актісін қайта қарау туралы өтініш, сырттай шешімнің күшін жою туралы өтініш, сот бұйрығының күшін жою туралы өтініштермен сотқа жүгінуге болады.
«Сот кабинеті» сервисіне кіру ЖСН немесе БСН, сондай-ақ пароль арқылы жүзеге асырылады. Электронды сервистің қызметтерін пайдалану шарттары өте қарапайым. Сот ісін жүргізуге қатысушы электрондық цифрлық қолтаңбасын алып, «Сот кабинетінде» тіркелудің стандартты рәсімінен өтуі қажет. Атап айтқанда, өтініш беруші пайдаланушы келісіміне қол қойып, логин, пароль, электрондық пошта өрістерін толтырып, сертификатты таңдауы керек. Сәтті тіркелгеннен кейін «Сот кеңсесінің» басты бетіне оралып, қажетті қызметті таңдай алады.
Жоғары технологияларды енгізу өз алдына мақсат емес, олар қазіргі заманның талабы болып отыр.
Бөрлі аудандық сотына кәзіргі танда «Сот кабинеті» арқылы 380 талап арыздар түсіп тіркелді.
Батыс Қазақстан облысы
Бөрлі аудандық сот әкімшісінің
басшысы А.Н.Оразбек
[xfvalue_img]
14 пікір