Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру тәртібі

Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру тәртібі

Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату және жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру кешенді құқықтық институт болып табылады. Оларды қолдану мәселелері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі — ҚК) 72, 73, 86 және 87-баптарымен, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі — ҚПК) 476, 477, 478 және 480-баптарымен және Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің (бұдан әрі — ҚАК) 161, 162 және 169-баптарымен белгіленген тәртіппен шешіледі.

Жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру және жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату Институттары жазасын өтеушілердің түзелуіне орасан зор ықпалын тигізіп, олардың мінез-құлықын қалыптастыруда тиімді ынталандырудың бір тәсілі және бұл мәселе түрмеде жазасын өтеушілердің санын төмендетуге бағытталған қылмыстық заңнаманы ізгілендіруге бағытталған қадамдардың бірі десе де болады.

Қылмыстық заңнама жаза тағайындаудың негізгі мақсаттарын айқындайды: әлеуметтік әділдікті қалпына келтіру, сотталғанның түзелуі және жаңа қылмыстардың жасалуының алдын алу. Бұл тұрғыдан алғанда егер сотталған әлеуметтеніп, түзелу жалына түсуге ниеттенсе оған түзелуге мүмкіндік берілуі қажет. Сотталғанның түзелуі – өте күрделі психологиялық, әлеуметтік-құқықтық, моральдық категория. Әрбір оқиғаның өзіндік факторлары болады. Сондықтан әрбір іс бойынша істің мән-жайлары жан-жақты зерделеніп, назарға алынуы тиіс.

Жалпы алғанда Заңнама жазаны өтеуден босатудың негіздері ретінде келесі мән-жайларды қарастырады, олар ҚАК-нің 161 бабына сәйкес:  1) сот үкiмi бойынша тағайындалған жаза мерзiмiн өтеп болу; 2) iс бойынша ақтау үкiмiн шығарумен немесе iс жүргiзудi тоқтатумен сот үкiмiнің күшiн жою; 3) жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату; 4) жазаның өтелмеген бөлiгiн жазаның неғұрлым жеңіл түрiмен ауыстыру; 5) рақымшылық жасау туралы акт; 6) кешiрiм жасау туралы акт; 7) қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекiткен тiзбеде көзделген, сотталған адамның ауруы.

  Мақаламызға арқау болып отырған тақырыпқа келетін болсақ, жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату және жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру ҚК-тің 72 және 73-баптарымен, ал кәмелетке толмағандарға қатысты бұл мәселе ҚК-тің 86 және 87-баптарымен реттелген.

Заң шығарушы егер сот сотталған адамның түзелуі үшін тағайындалған жазаны толық өтеуі қажет етілмейді деп танитын болса, бас бостандығын шектеуді немесе бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан адамды заңда көрсетілген мерзімдерді іс жүзінде өтегеннен кейін шартты түрде мерзiмiнен бұрын сотпен босату мүмкiндігін қарастырған. Бас бостандығын шектеуді немесе бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан адам тиісті мерзімдерді іс жүзінде өтегеннен кейін, қылмысымен келтірілген залалды толық өтеген және ол жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қаскөйлікпен бұзбаған жағдайда, шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылуға жатады және бұл императивтік норма екенін атап өту қажет.

Адамдардың қаза табуына әкеп соқтырмаған және аса ауыр қылмыстың жасалуымен ұштаспаған террористік немесе экстремистік қылмысы үшін тағайындалған бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан сотталғандардың шартты түрде мерзімінен бұрын босату мүмкіндігі олар тек террористік немесе экстремистік қылмыстарды болдырмауға, ашуға немесе тергеп-тексеруге, террористік немесе экстремистік топтардың қатысушыларын әшкерелеуге белсенді түрде жәрдемдескен болса ғана жүзеге асырылуы мүмкін екенін де атап өткен жөн.

Сотталған адам онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс үшiн тағайындалған жаза мерзiмiнiң кемiнде үштен бiрiн, ауыр қылмыс үшiн тағайындалған жаза мерзiмiнiң кемiнде жартысын, аса ауыр қылмыс үшiн тағайындалған жаза мерзiмiнiң кемiнде үштен екісiн іс жүзінде өтегеннен кейін ғана шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату қолданылуы мүмкін.

Заң шығарушы жүкті әйелдерге, жас балалары бар әйелдерге, жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектерге, елу сегіз жастағы және ол жастан асқан әйелдерге, алпыс үш жастағы және ол жастан асқан еркектерге, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға жеңілдіктер көздеген. Оларға жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс үшін сот тағайындаған жаза мерзімінің кемінде төрттен бірін, ауыр қылмыс үшiн сот тағайындаған жаза мерзiмiнiң кемiнде үштен бiрiн, адам өміріне қолсұғушылықпен ұштаспаған аса ауыр қылмыс үшін сот тағайындаған жаза мерзiмiнiң кемiнде жартысын іс жүзінде өтегеннен кейін қолданылуы мүмкін.

Тағы бір ескеретін мән-жай - сотталған адамның бас бостандығынан айыруды іс жүзінде өтеген мерзiмi алты айдан кем болмауы керек.

Шартты түрде мерзімінен бұрын босату сотталғандардың барлығына бірдей қолданылмайды, қылмыстық заңнамамен кейбір санаттағы қылмыс жасаған адамдарға қатысты шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға шектеулер қойылған. Атап айтқанда: өлім жазасы түріндегі жаза кешірім жасау тәртібімен не өлім жазасын жоятын заңның қолданылуына байланысты бас бостандығынан айыруға ауыстырылған; адамдардың қаза табуына алып келген не аса ауыр қылмыс жасаумен ұштасқан террористік немесе экстремистік қылмыс үшін сотталған (ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жүкті әйелдер, жас балалары бар әйелдер, жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектер, елу сегіз жастағы және ол жастан асқан әйелдер, алпыс үш жастағы және ол жастан асқан еркектер, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар жасаған жағдайларды; ынтымақтастық туралы процестік келісімнің барлық талаптарын орындаған сотталғандарды қоспағанда, ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс үшін сотталған; кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмысты кәмелетке толмаған адам он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмаған адамға қатысты жасаған жағдайды қоспағанда) осындай қылмыс үшін сотталған адамдарға қолданылмайды.

Енді жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыру мәселесіне келетін болсақ, қылмыстық заңнамамен онша ауыр емес, ауырлығы орташа немесе ауыр қылмыс үшiн бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан адамға, ол қылмыспен келтірілген залалды толық өтеген не жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қаскөйлікпен бұзбаған жағдайда, сот жазаның қалған өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыруы мүмкін екендігі көзделген. Сотталған адам онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшiн – жаза мерзiмiнiң кемінде төрттен бірін, ауыр қылмысы үшiн жаза мерзiмiнiң үштен бірін іс жүзінде өтегеннен кейiн жазаның өтелмеген бөлiгi неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстырылуы мүмкiн.

Бұл жағдайда да кейбір санаттағы қылмыс жасағандарға шектеулер бар екенін атап өткен жөн. Нақты айтқанда, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмысты кәмелетке толмаған адамның он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмаған адамға қатысты жасау жағдайын қоспағанда, осындай қылмыс, адамдардың қаза табуына алып келген не аса ауыр қылмыс жасаумен ұштасқан террористік немесе экстремистік қылмыс, сондай-ақ қылмыстық топтың құрамында жасалған қылмыс үшін сотталған адамдарға қатысты жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыру қолданылмайды.

Тағы бір ескеретін жайт - шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға жазаның өтелмеген бөлігі Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жібере отырып немесе онсыз, айыппұлға ғана ауыстырылуы мүмкін.

Бас бостандығынан айыру жазасының өтелмеген бөлiгi екі түрлі жеңілірек жазаға ауыстырылуы мүмкін: бас бостандығынан шектеу немесе айыппұл жазасына. Бұл жағдайда сот бас бостандығынан айырудың төрт күніне бір айлық есептік көрсеткіш есебiмен айыппұлды не бас бостандығынан айырудың бiр күнiне бас бостандығын шектеудің бiр күнi есебiмен бас бостандығын шектеуді таңдауы мүмкiн. Айыппұлға ауыстырудың міндетті шарты - қылмыспен келтірілген залалды толық өтеу болып табылады.

Шартты түрде мерзімінен бұрын босату не жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру туралы мәселені қарау кезінде сотталған адамның, қорғаушының, жазаны орындайтын мекеме немесе орган өкілінің, прокурордың сот отырысына қатысуы міндетті, сондай-ақ жәбірленуші не оның өкілі қатысуға құқылы. Жәбірленушінің, азаматтық талапкердің және олардың өкілдерінің келмеуі өтінішхатты қарауға кедергі болмайды. Сот оларға өтінішхаттың қаралатын күні, уақыты мен орны туралы тиісінше хабарлауға міндетті.

Сотталған адамның заңмен көзделген жаза мерзімінің бір бөлігін нақтылы өтеуі шартты түрде мерзімінен бұрын босату немесе жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру үшін сөзсіз негіз бола алмайды.

Шартты түрде мерзімінен бұрын босату немесе жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру туралы мәселені шешу кезінде соттар жеке көзқараспен қарауды қамтамасыз етіп, өтінішхатта және өзге де материалдарда келтірілген мәліметтердің жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату және жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру үшін жеткіліктілігін әрбір талқылау кезінде анықтауға, яғни сотталған адамның тәртібіндегі оң өзгерістерді бағалауға тиіс.

  Соттар сотталған адамның тәртібіне баға беру кезінде олардың ішкі тәртіп қағидасын сақтауын, қылмыстық-атқару жүйесі мекемесі әкімшілігінің (бұдан әрі – мекеме) талаптарын орындауын, тәрбиелік сипаттағы іс-шараларға және мекеменің қоғамдық өміріне қатысуын, көтермелеулерді, жазаларды, туған-туыстарымен және сотталған адамдармен қарым-қатынасты сақтауын, оқуға көзқарасының оң немесе теріс бағытын, залалды өтеуін, жеңіл тұрмыстық жағдайға ауыстыруды және сотталған адамның түзелгенін айғақтайтын басқа да мән-жайларды ескеруге тиіс.

  Соттың сотталған адамның түзелгені туралы тұжырымы өтінішхатты дәл қарау алдындағы уақыт ішіндегі ғана емес, сонымен бірге үкім шығарылғанға дейін қамауда ұсталған уақытын қоса есептегенде оның мекемеде болған бүкіл кезең ішіндегі тәртібі туралы деректерді жан-жақты ескеруге негізделуге тиіс. Белгіленген талаптардың дұрыстығы соттардың жеке іс материалдарын мұқият зерттеуінің негізінде анықталады.

  Сотталған адамға жазаны бүкіл өтеу кезеңі ішінде қолданылған жазалар, алынып тасталған немесе жойылған жазадан басқа, оны сипаттайтын басқа да деректермен бірге соттың бағалауына жатады. Сотталған адамның түзелу дәрежесін зерттеу кезінде оған қолданылған тәртіптік жазаның әрбір фактісін осы бұзушылықтардың қаскөйлікпен жасалуы тұрғысынан зерделеу қажет. Қылмыспен келтірілген зиян (материалдық залал және моральдық зиян) сотталған адамның мүгедектігі немесе оның ауырғаны жұмысқа орналасуға кедергі болуы және т.б. сияқты объективті себептерге байланысты азаматтық талап бойынша өтелмеген жағдайларда, соттың тек осы негіздер бойынша шартты түрде мерзімінен бұрын босатудан немесе жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстырудан бас тартуына негіз болмайды.

  Сонымен қатар сотталған адамның қылмыспен келтірілген зиянды өтеуден жалтаруының (мүлікті, кірістерді жасырып қалу, жұмыстан жалтару жолымен және т.б.) анықталған фактілері басқа да мән-жайлармен қатар шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға немесе жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстыруға кедергі болуы мүмкін. 

Искакова Айгул

Жаңақала аудандық сот әкімшісі басшысы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

22 пікір

  1. аватар
    Bessie 9 апреля 2024 12:43

    Hey I know this is off topic but I was wondering if you knew of any widgets I could add to my blog that automatically tweet my
    newest twitter updates. I've been looking for a plug-in like this for quite some
    time and was hoping maybe you would have some experience with something like this.
    Please let me know if you run into anything. I truly enjoy reading
    your blog and I look forward to your new updates.

    Here is my web site progesterone zonder recept

  2. аватар
    Chastity 18 августа 2024 00:30

    естест люблю ли я ее
    лгбт
    мужчина пишет что ты ему снилась гадание на картах таро онлайн бесплатно на ситуацию в отношениях с мужчиной узнать внешность человека по таро
    гороскоп водолея на сегодня девочка гадание вторая половинка когда встречу

  3. аватар
    Joyce 10 сентября 2024 23:09

    форма пс кнб рк, форма кнб
    купить техника астана, технодом астана эркек биз анткени текст, freeman 996 все песни скачать жас мамандармен жұмыс баяндама, жас мамандармен психологиялық жұмыс

    Feel free to visit my web-site :: онлайн уроки
    бесплатно

  4. аватар
    Roy 14 сентября 2024 09:36

    туфли барука отзывы, обувь барука для чего қозғалмалы ойындар ережесі, доппен қозғалмалы ойындар менингококцемия қазақша, менингококк деген не магнит карта тинькофф

    Here is my web site ... физика есептер жинағы
    9 сынып

  5. аватар
    Felicia 19 сентября 2024 15:42

    мени умыт скачать ернар айдар, мени умыт бек нур скачать пармен жургизетин мен емес тандама мени,
    менде уақыт жоқ сені ойлап отыратын ремикс эпикалық жанр
    дегеніміз не, эпостық жанр деген
    не что будет если не сдать модо, модо что такое

    Visit my web blog - ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив