Сотталғандарды шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы сот практикасының кейбір мәселелері

Сотталғандарды шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы сот практикасының кейбір мәселелері

ҚК-нің 72-бабына сәйкес, егер сот адамның түзелуі үшін тағайындалған жазаны толық өтеуі қажет етілмейді деп танитын болса, сот бас бостандығын шектеуді немесе бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан адамды осы баптың үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде көрсетілген мерзімдерді іс жүзінде өтегеннен кейін шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатуы мүмкiн.

Бас бостандығын шектеуді немесе бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан адам осы баптың үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде көрсетілген мерзімдерді іс жүзінде өтегеннен кейін, қылмысымен келтірілген залалды толық өтеген және ол жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қаскөйлікпен бұзбаған жағдайда, шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылуға жатады.

Сотталғандардың шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішхаттарын сот ҚР Қылмыстық кодексінің 72-бабында көзделген ережелердің, ҚПК-нің 51-тарауы 476-480-баптарының және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 2 қазандағы № 6 «Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстырудың және тағайындалған жаза мерзімін қысқартудың сот практикасы туралы» нормативтік қаулысының негізінде қарайды.

Талдау көрсеткендей, бірінші сатыдағы соттың өтінішхаттарды қанағаттандыру немесе қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулыларының көп бөлігі шағымдалмайды және прокурордың өтінішхаты негізінде қайта қаралмайды.

Бұл жағдайларда процеске қатысушылар соттың жоғарыда аталған заңнама талаптарын қолдануының дұрыстығын дауламайды.

Көп жағдайда қайта қарау кезінде апелляциялық сатыдағы соттың қарауының нәтижелері бойынша бірінші сатыдағы соттың қаулылары заңды деп танылады және өзгеріссіз қалдырылады.

Сонымен қатар апелляциялық сатыдағы сот бірінші сатыдағы соттың қаулысын қайта қарау нәтижесінде басқа шешім қабылдаған кездер де бар.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 2 қазандағы № 6 «Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстырудың және тағайындалған жаза мерзімін қысқартудың сот практикасы туралы» нормативтік қаулысына сәйкес, сотталған адамның ҚК-нің 72-бабының бірінші бөлігіне, 73-бабының екінші бөлігіне, 86-бабының бірінші бөлігіне және 87-бабының бірінші бөлігіне сәйкес заңмен көзделген жаза мерзімінің бір бөлігін нақтылы өтеуі шартты түрде мерзімінен бұрын босату немесе жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру үшін сөзсіз негіз бола алмайды.

Шартты түрде мерзімінен бұрын босату немесе жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру туралы мәселені шешу кезінде соттар жеке көзқараспен қарауды қамтамасыз етіп, өтінішхатта және өзге де материалдарда келтірілген мәліметтердің жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату және жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру үшін жеткіліктілігін әрбір талқылау кезінде анықтауға, яғни сотталған адамның тәртібіндегі оң өзгерістерді бағалауға тиіс.

Соттар сотталған адамның тәртібіне баға беру кезінде олардың ішкі тәртіп қағидасын сақтауын, Қылмыстық-атқару жүйесі мекемесі әкімшілігінің (бұдан әрі – Мекеме) талаптарын орындауын, тәрбиелік сипаттағы іс-шараларға және мекеменің қоғамдық өміріне қатысуын, көтермелеулерді, жазаларды, туған-туыстарымен және сотталған адамдармен қарым-қатынасты сақтауын, оқуға көзқарасының оң немесе теріс бағытын, залалды өтеуін, жеңіл тұрмыстық жағдайға ауыстыруды және сотталған адамның түзелгенін айғақтайтын басқа да мән-жайларды ескеруге тиіс.

Соттың сотталған адамның түзелгені туралы тұжырымы өтінішхатты дәл қарау алдындағы уақыт ішіндегі ғана емес, сонымен бірге үкім шығарылғанға дейін қамауда ұсталған уақытын қоса есептегенде оның мекемеде болған бүкіл кезең ішіндегі тәртібі туралы деректерді жан-жақты ескеріп, зерделеуге негізделуі тиіс.

ҚК-нің 72-бабы бірінші бөлігінің екінші абзацына сай, егер сот сотталғанның заңмен белгіленген жаза мерзімін іс жүзінде өтегенімен қатар, оның жазаны өтеудің режимін қаскөйлікпен бұзбағанын және қылмыспен келтірілген залалды толық өтегенін анықтаса, онда ҚК-нің 72-бабы бірінші бөлігінің екінші абзацына сәйкес, ол қандай да болмасын қосымша шарттарсыз шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылуға жатады.

Қылмыспен келтірілген материалдық залалды өндіру туралы өзіне қатысты талап арыз қойылмаған сотталған қаскөйлікпен бұзушылықтар болмаған жағдайда, жаза мерзімінің белгіленген бөлігін өтегеннен кейін міндетті түрде шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуға жатады.

Көп жағдайда сотталғандар өздеріне қатысты гуманистік актілерді қолдану туралы өтінішхатпен сотқа жүгінген кезде оң нәтиже күтеді және қылмыспен келтірілген залалды өтеуден құтылып кетемін деп үміттенеді.

Өтінішхаттарды қанағаттандырудан бас тартылғаннан кейін ғана олар залалды өтеу бойынша нақты шаралар қабылдай бастайды.

Тұжырымдайтын болсақ, егер сотталған жазаны өтеу кезінде қолданыстағы заңнаманың нормаларын тиісінше сақтаса, жақсы жағынан мінезделсе, жақсы мінез-құлық танытса және көтермелеулері болса, жеңілдетілген жағдайларда ұсталып отырған және залалды өтеген жағдайда сотталғанның өтінішхаты қанағаттандырылуға жатады, ал кері жағдайда қанағаттандырудан сөзсіз бас тартылады.

Практика көрсеткендей, сотталғандардың өтінішхаттарын қараған кезде өтінішхатқа қоса тіркелген материалды және сотталғанның жеке ісін сотталғанның мінездемесінің жеке істің материалдарына сәйкес келетінін-келмейтінін және оның объективтілігін мұқият зерделеу қажет.

Сотталғандарды сипаттайтын деректерді зерделеу кезінде жеке көзқараспен қарауды жүзеге асыра отырып, соттар жоғарыда аталған негіздерді, сондай-ақ сотталған жасаған қылмыстың сипатын, қоғамға қауіптілігін және салдарларын, қылмыспен келтірілген материалдық залалдың және моральдық зиянның өтелгенін назарға ала отырып, жәбірленушілердің пікірін ескеруі қажет.

Шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішхаттарды қараған кезде жазаның мақсатына және әлеуметтік әділеттікке жетуге объективті тұрғыда баға берілуі тиіс.

Аталған принциптерге абайсызда қылмыс жасағаны үшін сотталған, жол жүру ережесін өрескел бұзудың нәтижесінде жол-көлік оқиғасын жасаған тұлғалардың, сыбайлас жемқорлық қылмыстар, жыныстық бостандыққа қарсы қылмыстар, педофилия, күш қолданумен және өлтірумен байланысты және т.б. қылмыстар жасағаны үшін сотталған тұлғалардың өтінішхаттарын қарау кезінде ерекше көңіл бөлінеді.

Шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішхатты қарау барысында соттар сотталғандардың әрқайсысына қатаң жеке көзқараспен қарауды қамтамасыз етеді және формализмге жол бермейді.

Сотталғандар жәбірленушілерге қарызын өтеместен өздеріне қатысты шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолдану туралы өтінішхатты сотқа жолдайтын кездері де бар.

Мұндай жағдайларда соттар өтінішхаттарды қанағаттандырудан бас тартуға мәжбүр, себебі қылмыспен келтірілген залалды өтеу шартты түрде мерзімінен бұрын босату мәселесін қарауда басты критерийлердің бірі болып табылады.

Бірінші сатыдағы соттың қаулысына берілген апелляциялық шағымды қарау үстінде сотталғандардың барлық қарызды өтеу арқылы жәбірленушілермен татуласу жолын тапқан сәттер де жиі кездеседі.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының  «Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстырудың және тағайындалған жаза мерзімін қысқартудың сот практикасы туралы» нормативтік қаулысынның 10-тармағына сай, қылмыспен келтірілген зиян (материалдық залал және моральдық зиян) сотталған адамның мүгедектігі немесе оның ауырғаны жұмысқа орналасуға кедергі болуы және т.б. сияқты объективті себептерге байланысты азаматтық талап бойынша өтелмеген жағдайларда, соттың тек осы негіздер бойынша шартты түрде мерзімінен бұрын босатудан немесе жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстырудан бас тартуына негіз болмайды.

Осылайша шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішхаттарды қарау кезінде соттар осы мәселе бойынша қолданыстағы заңнаманың талаптарын толығымен орындауда деп есептеуге болады.

Нұр-Сұлтан қаласы қылмыстық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың бас маманы-сот отырысының хатшысы                

Наурызхан Еркебулан

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

31 пікір

  1. аватар
    Melanie 20 августа 2024 23:29

    смертью смерть поправ молитва
    скачать расклад таро переезд за границу мусульманская молитва на удачу во всем слушать
    к чему снится падать на самолете все о
    картах таро купить в алматы,
    как купить карты таро

    Here is my website :: приснился большой орех

  2. аватар
    Cleveland 9 сентября 2024 04:41

    жас улан алматы сайт, военные
    школы алматы айсулу всё для салонов
    красоты, магазин айсулу на абая сана адам миының
    функциясы, сана мен ойлаудың жаңа үлгісін әзірлеу сырдария өзенінің
    әлеуметтік жағдайы, сырдария өзені суын шаруашылыққа қолдану

    Feel free to surf to my homepage :: маркетингтік орта

  3. аватар
    Dominic 12 сентября 2024 22:34

    егер сіз мұғалім туралы армандасаңыз жаным әке жаным әке
    текст, асыл әкем кеудемдегі жүрегім текст яндекс погода на
    15 дней рядом просп. республики,
    астана, погода яндекс на месяц жасушаны алғаш көрген ғалым, жасушаны
    зерттегенде қолданылатын негізгі
    құрал

    Feel free to surf to my blog ... алаш арыстары кім

  4. аватар
    Ethel 13 сентября 2024 10:36

    Fantastic goods from you, man. I have understand your stuff previous
    to and you're just extremely magnificent. I really like what you have obtained here,
    really like what you are saying and the best way
    during which you are saying it. You are making it
    enjoyable and you continue to care for to
    stay it sensible. I cant wait to learn much more from you. This is really a
    tremendous web site.

    Also visit my blog post - beste natuurlijke allergieremedies

  5. аватар
    Aleida 18 сентября 2024 05:50

    қоршаған ортаны қорғау жоба, қоршаған ортаны қорғау мәлімет отамалы
    деген не сұрақ, 4 сұраққа жауап жаз.
    отамалы деген не? бұл махаббатқа таң қалам
    сайт школы гимназия 1, 1 гимназия караганда директор

    My site; 12 жылдық білім беру
    жүйесі

  6. аватар
    Gladys 18 сентября 2024 16:51

    лагерь дискавери боровое цены
    2021, дискавери боровое цены 2023 жараткан алла меломен
    сергіту сәті бала бала балапан скачать, кешір алла күнəмді скачать модем для дачи, 4g модем с
    сим картой экономикалық интеграция мәселесі, экономикалық интеграция
    деген не

  7. аватар
    Bailey 18 сентября 2024 20:58

    жігітпен ұрыспау үшін қастандық
    куплю беседку б/у, беседка купить 18 ғасырдағы француз ағартушысы,
    18 ғ француз ағартушыларының ірі өкілдері
    nazarbayev university admission requirements, nazarbayev university direct deadline

    Here is my blog ... жд билеты тальго расписание

  8. аватар
    Mattie 21 сентября 2024 20:23

    екі жұлдыз гимн, екі жулдыз бүйректі трансплантациялау туындайтын қиындықтары, бүйрек трансплантациясы дегеніміз не бастың халқы шетелге жиі қоныс аударып
    саны кему үстіндегі облыстар
    ауыруы, бас шаншуы
    неден пайда болады адамзаттық құндылық деген не,
    адам өміріндегі құндылықтар

  9. аватар
    Lino 25 сентября 2024 05:58

    дем салу алматы, дем салу это жұбанышов скачать, жұбанышов электронный өз сөзіңмен құттықтау қара шаңырақты
    тағы, қара шаңырақтың қасиеті

    Feel free to visit my web-site ... ақш
    көршілес елдері

  10. аватар
    Debbra 4 октября 2024 20:19

    алтын орда тарихы, алтын орда қай жылы
    құрылды футбольный турнир алматы,
    турнир по футболу в алматы 2022 сор и соч 4 класс скачать, сор и соч 4
    класс математика ответы тәжірибе күнделігін толтыру,
    практика күнделігін толтыру үлгісі юрист

    Here is my site: известные ученые живые

  11. аватар
    Minerva 7 октября 2024 22:22

    кім сары
    қымыз дегеніміз не
    сұрағына жауап, кім
    қандай не істеді деген сұрақтарға
    camper алматы, обувь испания camper сен туган кун мерекенмен текст
    скачать, тахмина әшімбекова - туған күн кешінде текст баланың іші өтсе құсса, бала құсып ауырса не істеу керек

  12. аватар
    Mickie 20 октября 2024 20:47

    топырақты анализге дайындау, топырақтың құрамындағы суды жақсы өткәкеге ізет анаға құрмет сурет салуін зат аппетит усть-каменогорск, аппетит усть-каменогорск номер телефона продажа автокрана 25
    тонн, автокран 25 тонн цена казахстан гулаг караганда, карлаг

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.