«Сыбайлас жемқорлыққа қауқарлы күрес қажет»

«Сыбайлас жемқорлыққа қауқарлы күрес қажет»

        Елімізде қабылданған бағдарламалық құжаттарда сыбайлас жемқорлықпен күреске айрықша мән беріледі. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2021 жылдың 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Сыбайлас жемқорлықпен тиімді күресті жалғастыру қажет» деп атап өткен болатын. 2022 жылғы 2 ақпанда Мемлекет басшысының №802 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілді.

       ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеумен қатар, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы және ішкі мониторинг жүргізу қағидалары қолға алынды. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда жалпы мемлекеттік қызметкерлерге, соның ішінде судьялар мен сот қызметкерлеріне қойылар талаптар қатайтылды.

       Ақпараттық технологиялардың сот өндірісіне енгізілуі жүйе ашықтығын қамтып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға ықпал етіп жатқаны – өмір шындығы. Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру мақсатында сот жүйесінде  «сот кабинеті» сервисі, «Төрелік» ақпараттық жүйесі енгізілді. Сот процестерінде дыбыс-бейне жазбалардың, TruConf, WhatsApp мобильдік қосымшалардың қолданылуы, сол секілді оң өзгерістердің әрқайсысының жемқорлыққа жол бермеуге өзіндік әсері бар. Заманауи ақпараттық технологияларды қолдану натижесінде сот қызметінің қолжетімділігі, ашықтығы мен тиімділігі артты.

      Бір анығы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтіп, одан бір нақты нәтиже шығармайынша, алға қойған мақсатқа толық жете алмаймыз. Өйткені жемқорлықпен күресу тек құзырлы органдардың міндеті емес. Елдегі тұрақтылыққа селкеу түсіретін жегіқұртпен әрбір адам, ұжым, бүкіл халық болып күресуіміз қажет. Сонда ғана алға қойған мақсаттарымызға жетеріміз анық. 

БҚО, Казталов аудандық соты

Әкімшісінің басшысы                                

Қаженов Руслан Сайфетдинұлы

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.