Заң талаптары талқыланды
Ақжайық аудандық сотында сот мамандарының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» және «Мемлекеттік қызметшілердің этикасы» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.
Шара барысында сот әкімшісінің басшысы А.Нұрым, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңының талаптары мен міндеттерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат шараларын, сонымен қатар мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі бойынша мемлекеттік қызметшінің қызметтік міндеттерді орындау кезіндегі сырт келбеті, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпыға бірдей қабылданған іскерлік стилі туралы талаптарын атап жеткізіп, Заңдарда белгіленген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған шектеулермен әдеп кодексінің моральдық-әдептілік нормаларын ұстанып орындауды айтып өтті.
Шара соңында қатысушылар тақырыптар бойынша пікір алмасып, қойылған сұрақтарына жауап алды.
Батыс Қазақстан облысы
Ақжайық аудандық соты әкімшісінің басшысы Ақмарал Нұрым
[xfvalue_img]
12 пікір