Сот үкімін орындауға міндетті

Сот үкімін орындауға міндетті

     Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 72-бабының 1-бөлігінің талабына сай, егер сот адамның түзелуі үшін тағайындалған жазаны толық өтеуі қажет етілмейді деп танитын болса, сот бас бостандығын шектеуді немесе бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан адамды тиісті  көрсетілген мерзімдерді іс жүзінде өтегеннен кейін шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатуы мүмкiн.

         Кодекстің талабымен, сот сотталған адамдардың жаза өтеу кезінде құқық бұзушылық жасамай, түзеліп, жаза өтеу тәртібін бұзбаған жағдайда сотталған адамның өтініші бойынша оны өтелмеген қалған мерзімінен шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға құқылы.

         2022 жылдың өткен мерзіміне Сырым аудандық сотында аудандық пробация қызметімен жолданған сот үкімімен  бас бостандығынан айырудан басқа баламалы түрдегі қылмыстық жазаларға сотталғандарға тағайындалған жазаларды пробация қызметімен орындау бойынша 18 материалдар  қаралды.

         Жаза өтеу кезінде  құқық бұзушылық жасамай, түзеліп, жаза өтеу тәртібін бұзбаған 13 сотталған адамды сот қаулысымен  шартты түрде мерзімінен бұрын босатты.

          Сот сотталған адамға жүктеген міндеттерден қаскөйлікпен жалтару деп сотталған адамның тәртібін бақылайтын орган жазбаша ескерту шығарғаннан кейін міндеттердің қайталап орындалмауы болып табылады.

         Қазақстан Республикасының қылмыстық атқару Кодексінің талабына сай, жеке басы құқығына, кәмелетке толмағандардың құқығына, отбасылық-тұрмыстық қатынастарға, қоғамдық тәртіп пен имандылыққа қолсұғатын, сотталған адамға соларды жасағаны үшін әкімшілік жаза қолданылған әкімшілік құқық бұзушылықтар жасау бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзу болып табылады.

         Көрсетілген құқық бұзушылықтарды бір жыл ішінде  қайталап жасауы, сотталған адамның қылмыстық теріс қылық жасауы, дәлелді себептерсіз мәжбүрлі  еңбекті орындаудан жалтару бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуді қаскөйлікпен бұзушылық болып табылатындығы көрсетілген.

          Бас бостандығын шектеуге сотталған адам жазаны өтеуден қаскөйлікпен жалтарған жағдайда, бас бостандығын шектеудiң өтелмеген мерзiмi дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаға ауыстырылады.

         Бұл ретте бас бостандығын шектеудi өтеу уақыты бас бостандығын шектеудiң бiр күнi үшiн бас бостандығынан айырудың бiр күнi есебiмен бас бостандығынан айыру мерзiмiне есептеледi.

         Бұндай жағдайда аудандық пробация қызметімен сотталған адамға қатысты бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы сотқа ұсыныс жолдайды.

       Сотта осындай 3 ұсыныс қаралды. Ұсыныс бойынша сотталған адам аудандық пробация қызметіне ескертпей аудан аумағынан кетіп қалған, барған жерінде қоғамдық орында алкогольдік масаю күйінде қоғамдық имандылыққа нұсқан келтіретін күйде жүргені үшін Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 440-бабының 1-бөлігімен әкімшілік жауаптылыққа тартылған. Белгіленген кестеге сәйкес пробация қызметіне өз мінез құлқы туралы есеп  беруге келмеген. Оған қоса тұрғылықты жерінен нашар мінезделіп және оның үнемі құқық бұзушылық пен ауыр қылмыстар жасауға бейім тұратындығы көрсетілген.

         Алдын ала  сотталған адам сот үкімі талаптарын орындауға пробация қызметіне тіркелгенде, оған жаза өтеу тәртібі шарттары  және жазаны өтеу талаптары қаскөйлікпен бұзылғанда жазаның өтелмеген мерзімі бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылатындығы туралы ескерту беріледі.
         Сондықтан, сот сотталған адамды жаза өтеуден қасақана жалтарды деп тауып, пробация қызметінің ұсынысын қанағаттандырып, бас бостандығынан шектеу жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып, жазаны өтеу үшін қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесі белгіленді.

         Сот үкімі бойынша қоғамнан оқшаулатпай тағайындалған жазаны және оны орындайтын мемлекеттік органның заңмен көрсетілген қағидаларын  бұлжытпай орындағанда, сотталған адамның түзелу жолына түскенін, яғни жаза қолданудың негізгі мақсатының орындалғанын анықтайды. 

Жанна-Мари Вебер

Сырым аудандық сотының Кеңсе меңгерушісі

Батыс Қазақстан облысы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

13 пікір

  1. аватар
    Evie 16 июня 2024 16:14

    сонник пробираться через заросли к чему чешется правый локоть в понедельник,
    чешется правый локоть причины сонник новый рабочий
    кабинет сколько галактик в видимой части вселенной гадание что меня ждет означает цифра 676

  2. аватар
    Kathie 7 сентября 2024 12:43

    әкешім пана болған биік шыңым скачать,
    қос бәйтерек әні планеты по порядку по размеру, сколько планет в мире у афанасича меню бара, у афанасича бизнес ланч цена срок полномочий депутатов сената и мажилиса парламента рк, полномочия парламента рк

    Also visit my website ... салт
    дәстүр эссе 150 сөз

  3. аватар
    Verla 15 сентября 2024 17:11

    неліктен сіз мұрынпоздравление на казахском с днем рождения бабушкен
    иекке армандайсыз растения казахстана реферат, исчезающие растения казахстана әр түрлі жанрдағы
    шығармаларды оқу, көркем шығармаларды оқыту әдістемесі вираж газель цены шымкент,
    газель шымкент

  4. аватар
    Angeline 15 сентября 2024 21:19

    значение и смысл корана, сура из корана алкендермен қосылу реакциясына түспейтін,
    пропилен полипропилен полимері түзіледі ән өнері туралы нақыл сөздер, ән туралы мақал мәтелдер большой палец вверх история, кабанбай батыр рост

    Review my page :: қазақ драматургиясы негізін
    қалаушысы кім

  5. аватар
    Lena 17 ноября 2024 06:27

    есімді етістікті сөз тіркестерінің, етістікті тіркес мысал астана туралы хат, астана туралы
    эссе 2 сынып почему клопы
    лезут в дом, кто вывел клопов самостоятельно ұлы тоқырау жылдары деп қай кезеңді атайды, ұлы дағдарыстан
    шығу жолдары ақш

    Have a look at my web-site ... атау кере талдау

  6. аватар
    Annis 18 ноября 2024 22:53

    есп для самозанятых 2022, что дает есп самая тяжелая рыба в мире,
    самая красивая рыба в мире ауа райы дегеніміз диқандар не істейді знания, ауа райын болжау ересек адам
    үшін тәуліктік рационы, нәруыздар қандай тағамдарда
    кездеседі

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.