Сот жүйесіндегі ақпараттық технологиялар
Сот төрелігін жүзеге асыру процесіне ақпараттық технологияларды кеңінен енгізу – уақыт талабы. Бүгінде республика соттарында сот төрелігін іске асыру процесін анағұрлым жетілдіріп, сот қызметіне ғаламтор арқылы қол жеткізуді қамтамасыз етуге ықпал ететін жаңа ақпараттық технологиялар кеңінен қолданылуда. Қарыштап дамыған ақпараттық технология ескіленіп бара жатқан қағазбастылық пен бюракратиялық кедергілерден арылуға зор мүмкіндіктер ашып отыр. Заманауи технологиялардың мақсаты – халықтың сотқа деген сенімін нығайту, сот жұмысының ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету, жеке және заңды тұлғалардың сот отырыстарына қолжетімділігін арттыру.
Көпшіліктің көкейінде жүрген мәселелердің бірі – сот төрелігінің әділдігі, судьялар қатарының тазалығы. Себебі, сотқа деген халық сенімінің қалыптасуында бұл мәселелердің маңызы зор.
Қазақстанның сот жүйесі, тұтас алғанда, азаматтардың құқықтары мен бостандығының, ұйымдар мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерінің сотта тиімді қорғалуын қамтамасыз етудің қажеттіліктеріне сай келеді.
Міндеттелген тапсырмалардың уақытылы орындалуы судьялар мен сот мамандарының біліктілігін ұдайы көтеруге, жаңа технологияны игеру арқылы сот қызметкерлерінің одан әрі мамандануына ықпалын тигізеді.
Қазіргі таңда заманауи ақпараттық технологиялардың қолданысқа енгізілуі сот жұмысын едәуір жақсартты.
Тәуелсіз мемлекетіміздегі биліктің бір тармағы сот төрелігі де озық технологиялардан шет қалмай, заман ағымына сай, іс жүргізудің жаңа жүйесін тез игерді. Сот жүйесіне заманауи технологиялардың енгізілуі мен қолданылуы сот өндірісін жеңілдетіп, сот жүйесі қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлықтың орын алу ықтималдығын төмендетуге септігін тигізді. Сонымен қатар, бұл бастама еліміздің тұрғындары үшін сот жүйесінің ашық әрі қолжетімді болуына барынша жағдай жасады. Сот жүйесін оңтайландыру әлемдік өркениетке қадам басу жолындағы қажеттіліктен туындады. Ең бастысы – соттағы істердің қаралу жағынан уақытты үнемдейді, содан кейін сот сатыларының ықшамдалуы судьялардың жұмысын едәуір жеңілдетеді, әрі объективтілігін арттырады. Бұл әлемнің дамыған елдерінде көптен бері қолданыста келе жатқан озық заманауи сот жүйесі.
Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соты
Ожаева Салтанат Мұхтарқызы –бас маман, сот мәжілісінің хатшысы
[xfvalue_img]
14 пікір