Сот жүйесіндегі ақпараттық технологиялар
Қазақстан Республикасының барлық соттарында «Төрелік» ақпараттық жүйесі, «Сот кабинеті» сервисі, «Электронды шақыру қағазы», «Сот құжаттарымен танысу» сервисі, «SMS-хабарлама» сервисі, «QR-code» жүйесі, сенім телефоны, дыбыс-бейне жазатын құрылғылар, бейнеконференц байланыс арқылы сот төрелігін жүзеге асыру секілді жаңа ақпараттық технологиялар енгізілген болатын. Сот саласында жаңа ақпараттық технологияларды енгізудің негізгі мақсаты - сот жариялылығын, халықтың сотқа деген қол жетімділігін арттыру болып табылады.
Соттардағы жаңа ақпараттық технологияларды бірі бірыңғай терезе «Сот кабинеті» жұмыс жасайды. «Сот кабинеті» арқылы азаматтар мен заңды тұлғалардың кез келгені сотқа келіп әуре-сарсаңға түспей, ыңғайлы уақытта үйде немесе кеңседен шықпай онлайн режимде электронды түрде арыздарды, талап арыздарды, шағымдар мен өтінішхаттарды жолдауға, сотпен шығарылған сот актілерімен танысуға мүмкіндіктері бар.
Еліміздің барлық соттарында аудио-бейне жазба құрылғыларымен қамтамасыз етілген. Барлық сот отырыс залдары түгел аудио-бейне жазбасының жаңа жүйелерімен жасақталған. Бұл жүйе жазылған ақпаратты бұрмалауға жол бермейді. Соттарда бейнеконференц байланысы арқылы сот төрелігін жүзеге асыру мүмкіндігі пайда болды. Демек, процесске қатысушылар сот отырысы болып жатқан жерге қашықтықтан қатысу мүмкіндігіне ие болды. Бұл тиісінше азаматтардың уақыты мен қаражаттарын үнемдеуге септігін тигізеді. Сонымен қатар барлық іске қатысушыларды сот отырысының уақыты жөнінде телефондарына қысқа мәтінде «SMS-хабарлама» хабарламасы арқылы сотқа шақыртылады. Ол үшін арыз беруші, шағым беруші тұлғалар арыздарына өздерінің ұялы телефондарының нөмірлерін міндетті түрде жазулары қажет.
Ал «QR-code» жүйесі арқылы кез-келген азаматтар керек ақпараттарын QR-code» жүйесі арқылы тез әрі оңай тауып, соттардың мекен-жайын, мемлекеттік баждың, процесстік шығындардың деректемелерін, соттардың сенім телефондарын және т.б. пайдалы ақпараттарын ала алады.
Қорытындылай келе, сот жүйесіндегі ақпараттық технологиялар ашықтықты арттыруға, халықтың уақыты мен қаражатын үнемдеуге үлкен септігін тигізеді.
О.Кулбатырова
Мұғалжар аудандық сотының бас маман – сот отырысының хатшысы
[xfvalue_img]
11 пікір