Тараптартардың жарыссөздері, репликалары, сотталушының соңғы сөзі

Тараптартардың жарыссөздері, репликалары, сотталушының соңғы сөзі

         Алқаби болу Сіздің Қазақстан Республикасындағы облыстық және оған теңестірілген сотында атқаратын құрметті міндетіңіз. Сіз сот төрелігін жүзеге асыру кезінде белгілі тұлғаға айналасыз.

         Кінәсіздің сотталуы, не қылмысты жасаған кінәлінің ақталуы, не болмаса, шынайы сот төрелігінің орын алуы, Сіздің өзіңіздің өмірлік тәжірибеңізден, принципшілдігіңіз бен азаматтық ұстанымдарыңыздан туындайтын ішкі нанымыңызға және Сіздің дәлелдемелерді  мұқият зерттеуіңізге негізделетін шешіміңізге байланысты болады.

         «Алқабилер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының  1-бабына сәйкес, «заңда көзделген тәртіпте, сотта істі қарауға қатысуға шақырылған және ант қабылдаған Қазақстан Республикасының азаматы алқаби болып табылады.»

         Сот  тергеуі  аяқталғаннан  кейін,  сот тараптардың  жарыссөздерін  тыңдауға көшеді.

         Алқабилер қатысатын сотта тараптардың жарыс сөздері екі бөлімнен тұрады. Жарыс сөздің бірінші бөлімі соталушының бұрынғы сотталғанына қарамастан, оның кінәсінің дәлелдену немесе дәлелденбеу себептеріне қатысты өзіндік позициясын баяндайтын мемлекеттік айыптаушыны, жәбірленушінің, қорғаушы мен сотталушыны сөздерінен тұрады.

         Тараптардың алқабилер  қатысатын соттың қарауына жатпайтын мән-жайларды айтуға және сот отырысында зерттелмеген немесе  жарамсыз деп танылған дәлелдемелерге сүйенуге құқығы жоқ. Төрағалық етуші ондай сөздерді үзіп тастайды, Сіз осы жағдайларды үкім шығару кезінде  ескермеуіңіз керек.

         Жарыссөздің  екінші бөлігі, сотталушының әрекетін саралау, жаза тағйындау, азаматтық талап мәселелеріне қа тысты позицияларда баяндалатын мемлекеттік  айыпталушының, сондай-ақ  жәбірленушінің, азаматтық талапкердің және жауапкердің  немесе олардың  өкілдерінің, қорғаушы мен сотталушының сөздерінен тұрады. Жарыссөздің екінші бөлігі Сіздің қатысуыңызсыз жүргізіледі.

         Жарыссөздің әрбір бөлігінен кейін соттағы жарыссөз  қатысушыл арының репликаға құқығы бар. Соңғы реплика құқығы қорғау тарапына тән  болып  табылады. 

         Қорғаушының соңғы репликасынан кейін,  сотталушыға соңғы сөз беріледі. 

Қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық

әскери сотының бас маманы М.Аккузова

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив