Әскери қызметке қайта орналастыру бойынша берілетін талап қою -арыздардың қарау тәжірибесі және қолданылатын заңдар

Әскери қызметке қайта орналастыру бойынша берілетін талап қою -арыздардың қарау тәжірибесі және қолданылатын заңдар

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 6 қазандағы «Соттардың еңбек дауларын шешу кезінде заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы  № 9 нормативтік қаулысының 32-т. қызметтен заңсыз шығарылған «әскери» қызметшілер «әскери» қызметке бұрынғы (ал оның келісімімен – соған тең немесе одан төмен емес) лауазымына қайта алынады және қызметтен заңсыз шығарылуына байланысты толық алмаған барлық ризық түрлерімен қамтамасыз етіледі.

Еңбек кодексінің 144-бабына сай,  әскери қызметтегі адамдардың, арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің еңбегі қызметке кірудің, оны өткеру мен тоқтатудың ерекше шарттары мен тәртібін, ерекше еңбек жағдайларын, еңбекке ақы төлеу жағдайларын, сондай-ақ қосымша жеңілдіктерді, артықшылықтар мен шектеулерді белгілейтін Қазақстан Республикасының арнайы заңдарында және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген ерекшеліктермен бірге осы Кодекспен реттеледі.

2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 160 бабының 1 бөлігінің талаптарына сәйкес, жұмысқа қайта алу туралы даулар бойынша ‑ еңбек шартын тоқтату туралы жұмыс беруші актісінің көшірмесі келісу комиссиясына табыс етілген немесе табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта арқылы жіберілген күннен бастап бір ай, ал сотқа жүгіну үшін ‑ реттелмеген даулар бойынша жүгінген кезде не еңбек шарты тарабы келісу комиссиясының шешімін орындамаған кезде келісу комиссиясы шешімінің көшірмесі табыс етілген немесе табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта арқылы жіберілген күннен бастап екі ай деп белгіленген.

Аталған Кодексті, осы баптың 2 бөлігінің талаптарына сәйкес жұмысқа қайта алу туралы даулар бойынша ‑ еңбек шартын тоқтату туралы жұмыс беруші актісінің көшірмесі табыс етілген немесе табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта арқылы жіберілген күннен бастап үш ай мерзімдер белгіленген.    

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV Заңының 26 бабының 8 тармағының талаптарына сәйкес, әскери қызметтен шығарылған адамдар қызметтен шығару туралы шешімге тиісті бұйрықтан үзінді көшірмесімен танысқан күннен бастап үш айдан кешіктірмей, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен жоғары тұрған қолбасшылыққа не сотқа шағым жасауға құқылы.

Еңбек кодексінің 160-бабында келісу комиссиясына немесе сотқа жеке еңбек дауларын қарау бойынша жүгіну үшін мынадай мерзімдер көзделген: жұмысқа қайта алу туралы даулар бойынша – жұмыс берушінің еңбек шартын тоқтату туралы актісінің көшірмесі келісу комиссиясына тапсырылған күннен бастап бір ай, ал сотқа жүгіну үшін – реттелмеген даулар бойынша не еңбек шартының тарабы келісу комиссиясының шешімін орындамағанда жүгінген кезде келісу комиссиясы шешімінің көшірмесі тапсырылған күннен бастап екі ай; басқа еңбек даулары бойынша – жұмыскер немесе жұмыс беруші өз құқығының бұзылғаны туралы білген немесе білуге тиіс болған күннен бастап бір жыл.

      Егер сот талап қоюшының еңбек құқықтары бұзылған, бірақ ол Еңбек кодексінде көзделген сотқа жеке еңбек дауын қарау бойынша жүгіну мерзімін дәлелді себептерсіз өткізіп алған деп анықтайтын болса, онда сот шешімнің уәждеу бөлігінде бұл құқықтардың бұзылғаны туралы көрсетеді және жүгіну мерзімінің өткізіп алынғанына байланысты талап қоюды қанағаттандырудан бас тартады.

2012 жылғы 16 ақпандағы Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының № 561-IV Заңның 1-бабының 18)-тармағына сәйкес əскери қызмет өткеру туралы келісімшарт – уəкілетті орган мен Қазақстан Республикасының азаматы арасындағы азаматтың əскери қызметті өткеру кезеңіне тараптардың құқықтарын, міндеттерін жəне жауапкершілігін белгілейтін ерікті түрде əскери қызмет өткеру туралы шарт;

Заңның 37-бабының 2-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес келiсiмшарт ерiктi түрде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес екi тарап арасында жазбаша жасалады және өз қолданысын әскери қызметшiнiң мерзiмiнен бұрын босатылуына байланысты тоқтатады.

Келісімшартты жасасу тәртібін реттейтін Қағидалардың 4-бөліміне сәйкес лауазымды тұлғалардың тізіміне сәйкес тиісті құқық берілген уәкілетті лауазымды тұлғаның келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеру мерзімін ұзарту туралы шешім бұйрықпен ресімделеді және сарбаздың назарына қол қою арқылы жазбаша түрде жеткізіледі. Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеру мерзімін ұзартудан бас тартқан жағдайда сарбазға жазбаша хабарлама жіберіледі және хабарламада мерзімді ұзартудан бас тартқан себептері көрсетіледі.

Осы құқықтық нормалардың мәнінен әскери қызметті өткеру туралы келісімшарт жасасу, келісімшарт бойынша әскери қызмет мерзімін ұзарту жұмыс берушінің құқығы болып табылатынын аңғаруға болады және оның келісімшарттың мерзімін ұзартудан бас тарту құқығы ештеңемен шектелмейді. Қағидаларда көзделген келісімшартты ұзартудан бас тарту туралы хабарлама тек хабарламалық сипатта болады және онда көрсетілген бас тарту себептері әскери қызметтен босатудың заңдылығын даулауға негіз бола алмайды. 

Р.К.Кыдыралин      

Ақтөбе гарнизоны

Әскери сотының төраға м.а                                            

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.