Сот ғимаратында қауіпсіздік шараларын күшейту
Орал қаласының мамандандырылған тергеу сотында «Сот ғимаратында қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өткізу режимі» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.
Іс-шараға БҚО бойынша «СОП-КҮЗЕТ» Акционерлік қоғамы филиалының директорының м.а. Т.Д.Сариев, ҚК ФАО «Мамандандырылған Күзет» бөлімшесі объектісінің БҚО бойынша бастығы К.В.Идрисов және сот мамандары қатысты.
Аға сот приставы Рустанбек Габбасов баяндама жасай отырып, қатысушыларды, ҚР соттарының аумағына келушілер үшін өткізу және объектілік режимдерді қамтамасыз ету жөніндегі ережеде көрсетілген өткізу режимінің жалпы ережесімен және соттың ішкі қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелерімен таныстырды.
Семинар барысында қатысушылар сот ғимаратының өткізу режимін, сотқа келушілер мен сот процесіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін, сот ғимаратына тыйым салынған заттардың тізімін, сондай-ақ техникалық бақылауды жүзеге асыру, келушілерді сыртқы тексеру және сот ғимаратына кіре берісте олардың заттарын көзбен шолып қарау мәселелерін талқыланды.
Бұл семинар сабағы сот отырысының кезінде және сот жұмысында қауіпсіздіктің алдын алу мақсатында өткізілді.
Орал қаласының мамандандырылған тергеу сотының бас маманы
Гульмира Темиргалиева
[xfvalue_img]