ТІЛДІҢ ТІРЕГІ- ӨЗІМІЗ-АНА ТІЛІ

ТІЛДІҢ ТІРЕГІ- ӨЗІМІЗ-АНА ТІЛІ

Қазақ тілі қазақ халқының жан сезімін және рухани байлығын ғасырдан-ғасырға жалғастырып келе жатыр. Ал ол сезім мен байлыққа қол жеткізіп, кенелу қазақтың тіл мәдениетін толық меңгеру арқылы ғана мүмкін болмақ. Сонымен қатар тіл дегеніміз – ұлттық болмыс пен психология аясындағы ең сезімтал әрі нәзік сала. Олай болса, мемлекеттік тіл тағдыры қазақ ұлтының да тағдыры екені баршаға аян.

 Тіл – мемлекеттің табан тірейтін тұғырлы темірқазығы. Тіл – ұлттың тірегі. Тіл – өз халқымыздың рухани байлығы, өткені мен болашағы. Заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің «Ұлт болғың келсе, бесігіңді түзе» деуі тегін айта салған сөз емес. Ол біздің тіл биіктігімізді, ұлттық бейнемізді сақтап қана қоймай, оны дамыта беруге арнаған көрегендік сөзі деп түсінгеніміз жөн. Тіл – тазалықтың, пәктіктің, имандылықтың жаршысы. Тіл – тәуелсіздігіміздің қуатты құралы, асыл ой мен парасат белгісі, елдігіміз бен бірлігіміздің туы. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері жүргізіліп келе жатқан тіл саясатының арқасында қазіргі таңда тіл туралы оңды қоғамдық көзқарас қалыптасып отыр. Мемлекеттік тіл мәртебесіне ие қазақ тілі бүгінде ұлттық руханиятымыздың өзегіне айналды. Көпұлтты мемлекетте қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне сай қызмет етуін қамтамасыз ету – өте күрделі мәселе. Осы тұста мемлекеттік тіл саясаты дұрыс бағытта жүргізіліп келе жатқанын баса айтуға тиіспіз. Үкімет мемлекеттік тіл – қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, оны азаматтардың барлығы меңгеруі үшін қажетті материалдық-техникалық жағ­дайларды жасауға көмектесуде. Мем­лекеттік тіл шын мәнінде ұлттық сая­саттың өзегі, діңгегі дейтін болсақ, қазақ тіліне басымдық беріп, техника, экономика, саясат тіліне айналғаны жөн. Иә, айта берсең, қазақ тілі туралы проблема көп. Жаза берсең, таусылмайды... Қай кезде болмасын тіл мәселесі – сол тілде сөйлейтін, сол тілден сусындаған, ұлттық, ділдік белгісі болып саналатын халықтың мәселесі. Әрбір халықтың ана тілі бар десек, өз ана тіліміздің барша болмысы, тіпті оның әрбір дыбысы мен жалғау-жұрнағы әрбір шынайы азаматқа танымал, мәдени-әлеуметтік өмірде өзіндік мәні бар киелі ұғым. Халқымыздың біртуар перзенті Мағжан Жұмабаев: «...Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт – тілі болуы. Ұлттың тілінің кеми бастауы ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат ешнәрсе болмасқа тиіс. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, мінезі айнадай көрініп тұрады. Қазақтың тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түндей тымық, біресе құйындай екпінді тарихы, сар далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі – бәрі көрініп тұр. Қазақтың сары даласы кең, тілі бай. Осы күнгі түрік тілдерінің ішінде қазақ тілінен бай, оралымды, терең тіл жоқ», – деп тіл жайында терең толғанған екен. Оның қоғамда мемлекеттік тілге деген қажеттіліктің алғы шартының қалыптасуына себі тиері анық. Қазақ тілін дамытуға, өмірдегі қолданыс аясын кеңейтуге едәуір ықпал етері хақ. Тілдерді дамыту – еліміздегі мем­лекеттік саясаттың ең маңызды ба­ғыттарының бірі. Бүгінгі таңда «Тіл тағдыры – ел тағдыры» деп түсініп, тілдің қоғам өміріндегі қолданысына, оның бүгінгі мен болашағына толғанатын біздің тіл жанашырларының тіл мәселесіне ерекше назар аударып отырғанымыз анық. Тілді тіл ғылымы мен әдебиеттің нысаны етумен ғана шектелмей, бүкіл Қа­зақ елінің ұлттық сұранысы мен мемлекет­тік мәртебесіне айналдыру – қашанда өзекті мәселе. Мемлекеттік тілге деген құрмет пен ықылас ұлттық сананың биігіне көтеріліп, жалпыхалықтық мүдде кеңістігіне шығу қажет. Тіл Отан көлемінде қуатты қатынас құралы бола тұрып, халықаралық байланыста да өзінің мемлекеттік мәртебесін сақтауы үшін жас ұрпақтың жеке тұлғалық қасиеті мен патриоттық сезімін ұштастыра тәрбиелеу – біздің ұстаздық парызымыз. Сонда ғана қазақ тілі қоғам өмірінің бар саласында шынайы сұранысқа ие болады. Қазіргі қазақ тілі – жалпы әлемдік тілдік дамудың биік деңгейінде тұрған дамыған тіл. Ғылыми тарихи жүйеден қарайтын болсақ, біздің тіліміз қазіргі адамзаттың үлкен тілдік арналардың ең бір жетілген саласы болып табылады. Республикамыздың дербестік алып, шын мәнінде тәуелсіз мемлекет болуын айтпағанның өзінде, «Тіл туралы» Заң қабылданып, ол белгілі дәрежеде жүзеге асырылып жатқанда, қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе беріліп, бұл жайында Конституцияға арнайы бап енгізіліп отырғанда, еліміздің тазалығын сақтау, сөйлеу мәдениетін көтеріп, әрбір сөздің нормаға сай болуын және өз мағынасында дұрыс қолданылуын қадағалап отыру ерекше маңызды болмақ. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылуында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтерудің маңыздылығы орасан зор екендігі белгілі, ендеше, алдағы уақытта бұл бағыттағы бірқатар іс-шаралар өз шешімін табатынына сенімдіміз. Тілді дамытудың жолдары аз емес. Халықаралық келіссөздердің көпшілігін мемлекеттік тілімізде жүргізу, жоғары оқу орындарындағы қабылдау емтиханда­ры мен оларды бітірер кездегі мемлекет­тік емтихандардың қатарына қазақ тілінің де енгізілуі, республикалық кеңестерді екі тілде бірдей өткізуге бірте-бірте көшу, ісқағаздардың мемлекеттік тілде жүргізілуінің белгілі бір нормаларын белгілеу сияқты шаралар қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін арттырып, беделін күшейте түсер еді. Қазақ тілінің тағдыры мемлекеттің дамуы және ел болашағы үшін қаншалықты маңызды екендігін біздің әрқайсысымыз да терең түсінеміз. Қазақ халқының бүгінгі ұрпағы мақтанғысы келсе, артында осыншама тіл байлығын қалдыра білген бабаларымен мақтана алады. «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту», – деген екен Бауыржан Момышұлы. Сол тіл мәселесі, оның ішінде мемлекеттік мәртебеге ие болған қазақ тілінің тағдыры жайында тіл маманы ретінде айтарым: Мемлекеттік тілімізді аман сақтап, ілгері дамыту үшін бәрімізге ұлттық сана, азаматтық биік тұғыр, мемлекеттік идеология қажет. Еліміздің экономикасы мен әл-қуаты артып, саяси-әлеуметтік еңсесі көтерілген сайын, ұлттық тіл мен ұлттық рухымыздың да өскенін, ұлттық мүддемізді екінші қатардағы қосалқы дүниедей болып қалмауын қадағалау – бәрімізге парыз. Қазір біз тілдің дамуының бүкіл жауапкершілігін өз мойнымызға алдық, өзімізден өзіміз талап ететін кезеңге жеттік. Қазақ тілі үшін бәріміз де қарыздармыз, сондықтан қолымыздан келген қамқорлығымыз бен көмегімізді өз тілімізден аянып қалмайық, өйткені тіл – біздің ертеңгі ұрпақтарымыздың панасы. 

БҚО қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының

бас маман-сот отырысының хатшысы Н.К.Мажитова

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.