Орал қаласының мамандандырылған тергеу сотының, сот мамандары арасында сыбайлас жемқорлықпен күрес жөнінде семинар сабағы өткізілді
Орал қаласының мамадандырылған тергеу сотында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.
Семинар барысында Орал қаласының мамандандырылған тергеу сотының кеңсе меңгерушісінің м.а. Темиргалиева Гульмира баяндама жасады. Өз сөзінде ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты қоғамда сыбайлас жемқорлықты жою болып табылатынын айтып, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбестік ахуалын қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және олардың салдарларын жоюдан тұратын жету жолдарын айқындады.
Дәріскердің сөзінше жемқорлық тәуекелдері қызмет алушы мен қызмет берушінің арасында тікелей қатынас болған жағдайда туындайды. Тікелей қатынасты барлық мемлекеттік салаларға ақпараттық жүйелерді енгізу арқылы шегеру болады. Айғақ ретінде ол сотқа аяқтай бармай әртүрлі арыздарды интернет желісі бар компьютер немесе ұялы телефон арқылы түсіруге мүмкіндік беретін «Сот кабинеті» сервисін мысалға келтірді. Семинар соңында сыбайлас - жемқорлықты болдырмау, оның алдын алу шаралары туралы айтып өтті.
Орал қаласының мамандандырылған тергеу сотының кеңсе меңгерушісінің м.а.
Гульмира Темиргалиева
[xfvalue_img]