СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ - ҚОҒАМ ДЕРТІ
Жемқорлық мәселесі бұқаралық ақпарат құралдарында көптеп жазылып та, айтылып та жүр. Десек те қорытынды шығарып жатқандар аз.
Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күресу – ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған шаралар барлық деңгейдегі мемлекеттік органдарда жүзеге асуда. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі дамымауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа төтеп беруге болатыны сөзсіз.
Бүгінде барлық мемлекеттік органдарда сенім телефондары үздіксіз жұмыс жасап тұр. Бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік қызметтердің көрсетілуі туралы мақалалар жариялануда. Мемлекеттік органдардың қызметшілері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы тағылымдамалар, дәрістер, семинарлар өткізілуде.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда ұрпақпен жұмыс істеу қажет. Адамды бала кезінен қазақстандық патриотизм мен сыбайлас жемқорлықты қабылдамау рухында тәрбиелеу керек. Ел Президентінің қай Жолдауын алсақ та осы мәселе күн тәртібінен түскен емес.
А.Искакова, Жаңақала аудандық сотының кеңсе меңгерушісі.
[xfvalue_img]
8 пікір