Алқабилер қатысатын соттың қатысушылары, қылмыстық процесс және сот тергеуі

Алқабилер қатысатын соттың қатысушылары, қылмыстық процесс және сот тергеуі

Төрағалық етуші судья сот отырысына басшылық етіп, алқабилерге нұсқаулар беріп, құқық қолдану мәселелері бойынша шешімдерді қабылдайтын және процестегі тәртіпке жауап беретін судья. Мемлекеттік айыптаушы прокурор, сотта мемлекет атынан айыптауды қолдайтын прокуратура органының лауазымды тұлғасы, қорғаушы адвокат сотталушының немесе жәбірленушінің құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын тұлға, сотталушы прокурордың қаулысымен сотқа берілген, қылмыстың жасалуына айыпталушы тұлға, жәбірленуші қылмыстан жәбір шеккен тұлға.

Алқабилер соты Қазақстан Республикасының облыстық және оған теңестірілген соттарының сотталуына жататын, жасалғаны үшін қылмыстық заңда жазалау шарасы ретінде өлім жазасы көзделген қылмыстар туралы істерді қарайды. Алқаби міндеттерін атқара отырып, Сіз қылмыстық заңға сәйкес сотталушының кінәлігі немесе кінәсіздігі туралы мәселені шешуге, ал ол кінәлі болған жағдайда оған әділ жаза тағайындауға тиістісіз. Сот тергеуі тараптардың тағылған айып бойынша өз айқындамаларын баяндайтын кіріспе мәлімдемелерінен басталады. Кіріспе мәлімдемелерден кейін сотталушыдан, жәбірленушіден, куәлардан және қылмыстық процестің басқа да қатысушыларынан жауап алынады, сонымен қатар ұсынылған басқа да дәлелдемелер зерттеледі. Сіз қылмыстық іс бойынша барлық мән-жайларды зерттеуге қатысуға, төрағалық етуші арқылы процесс қатысушыларына сұрақтар қоюға, заттай айғақтар мен құжаттарды қарауға қатысуға құқылысыз. Сот өз сұрақтарыңызды жазбаша түрде баяндауға және төрағалық етушіге беруге тиістісіз. Төрағалық етуші Сіздің сұрақтарыңызды, егер де олар іске қатыссыз, сондай-ақ жетекші немесе қорлау сипатында болса, қабылдамауға құқылы.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соты кеңсесінің бас маманы М.Ж. Аккузова

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив