Медиаторлармен кездесу.
Ағымдағы жылдың 07 шілде күні Сырым аудандық “Amanat” партиясының мәжіліс залында Сырым аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Д.Е.Тайшиевтың төрағалығымен, Сырым аудандық сотының төрағасы Б.Е. Баймуханованың қатысуымен Сырым ауданындағы қоғамдық медиаторлармен кездесу өтті.
Кездесуге аудандық сот төрағасы, ішкі саясат бөлімінің, полиция бөлімінің қызметкерлері және медиаторлар қатысты. Отырыста медиация желісін дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, тұрғын үй, еңбек, отбасылық және көршілер арасындағы даулар мен кикілжіңдерді шешу жолдары айтылды.
Жиын соңында Сырым аудандық сотының төрағасы Б.Е.Баймуханова медиаторларға арнайы қызметтік куәлік табыстады. Аудан бойынша 8 қоғамдық, 1 кәсіби медиатор бар.
Сырым аудандық сотының бас маман-сот мәжілісінің хатшысы
А.Т.Ишангалиева
[xfvalue_img]
13 пікір