Мемлекеттік тілді қолдану» тақырыбы бойынша семинар.
Ақжайық аудандық сотында сот мамандары арасында «Мемлекеттік тілді қолдану» тақырыбы бойынша семинар сабағы өтті.
Шара барысында кеңсе меңгерушісі А. Нұрым мемлекеттік тілді қолдану, дамыту туралы талаптар мен тәртіптерді айтып, сонымен қатар іс жүргізуде және сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілді қолдану аясының сапалы жүзеге асырылуын, құжат айналымда заң талаптарының сақталу маңыздылығын атап өтті.
Қоғамдық қатынаста тілдің атқаратын ролі зор, сондықтан азаматтармен, мемлекеттік органдармен және мемлекеттік емес ұйымдармен қарым-қатынас, өзара байланыс құралы ретінде іс қағаздарының немесе ресми құжаттардың айналымы мемлекеттік тілде жүргізілуі тиіcтілігінде жеткізді.
Қазіргі таңда сот өндірісіндегі құжат айналым бойынша шығыс және ішкі құжаттар мемлекеттік тілде жүзеге асырылуда, оны 100% жеткізіп, сапасын арттыру әрбір маманның міндеті. Мемлекеттік тілдің қолдану деңгейін одан әрі жетілдіріп, оны сот саласында дамытуға ерекше мән беріп, тіл тазалығына қамқорлық танытылу қажет.
Шараға қатысушылармен аталған мәселелер мен талаптар назарға алынып, алдағы уақытта қазақ тілінің мәртебесін өсіріп тұрақтандыру ескерілді.
Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық соты.
[xfvalue_img]
15 пікір