Тәуелсіз сот – тәуелсіздігіміз бен тәуелсіз мемлекеттің тұғыры
Еліміз тәуелсіздігін алып, дамыған елдермен теңесіп, болашағы кемел мемлекетке айналды. Тәуелсіздікке қол жеткізіп, даму жолында бірнеше анық мақсаттар қойылып , сол мақсаттарға жету жолында бірталай жұмыстар жасалған болатын. Соның нәтижесінде еліміздегі барлық сала ілгері дамыды десек қателескеніміз емес. Әсіресе сот жүйесіне енгізілген реформалар, жаңашылдықтар, халқымыздың мүддесін қорғайдын заң жүйесі қалыптасты.
Сот туелсіздігі мен судьялар мәртебесін арттыруда, сот құрылымында өзгерістер байқала бастады. Оның бірі ретінде, дауды тараптардың татуласуы арқылы шеше отырып, жаңа элементтер енгізілген жаңа Азаматтық процессуалдық кодекс қабылданды. Оның негізгі мақсаты шиеленіс деңгейін төмендету және екі жақты да қанағаттандыратын шешімге қол жеткізу болып табылады. Қазіргі танда сот жүйесінде дауларды медиация жолмен шешу үлкен рөл атқарады. Бұл әсіресе сот жүйесіндегі уақыт пен оған түсетін ауыртпалықты бірнеше есе азайтты десек те болады.
Сот саласындағы тағы бір үлкен жетістіктердің бірі жаңа технологиялардың енгізілуі болды. Бүгінде сот отырыстары аудио-бейне жүргізу арқылы жүргізіледі. Ар азаматтың талап-арызы, өтінішхаттары «Төрелік», «Сот кабинеті» секілді ақпараттық сервистер арқылы өнай әрі жылдам жолдауына жол ашты , және сот төрелігінің ашықтығын қамтамассыз етеді. Жаңа технологияларды қолданудың көмегімен сот қызметі ашық, жедел және қолжетімді бола түсті.
Сонымен қатар, Елбасының «100 нақты қадамы» Ұлт жоспары, «Рухани жаңғыру», «Цифорлық Қазақстан» бағдарламалары , судьялар съездерінде берген тапсырмалар сот жүйесін жаңа арнаға бұрды.
Сот төрелігінің сапасын арттыру бағытындағы реформалар, кодекстерге енгізілген өзгерту мен толықтырулар, бағдарламалар мен тың жобалар, заманауи технологиялар халықтың сотқа деген сенімін арттырды.
Ақмола гарнизоны әскери сотының бас маман-сот мәжілісінің хатшысы А.Ахмедиева
[xfvalue_img]