Сот жүйесі - жауапты сала

Сот жүйесі - жауапты сала

Сот жүйесі - түрлі деңгейдегі соттардың жиынтығы.Бұл материалдық және процессуалдық заңнамада белгіленген қатаң тәртіппен жұмыс істейтін жүйе болып табылады. Қазіргі қоғамда көптеген сот жүйелері бар. Сот жүйесінің құрамына әкімшілік, азаматтық, қылмыстық т.б сот істері кіреді. Сот жүйесі көбіне конституциялық сот қызметін атқаратын Жоғарғы сот органы басқарады. Сот жүйесі - Қазақстан  Республикасының  Жоғарғы  Соты және Қазақстан Республикасының Конституциясына және осы Конституциялық  заңға сәйкес құрылатын  жергілікті соттардан құрылады. Қандай да болмасын атауымен арнаулы және төтенше соттар құруға жол берілмейді. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен жергілікті соттардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы мен өзінің атауы бейнелеген мөрі болады.

Сонымен қатар сот жүйесі - сот жүйесінің бірлігі мен сот билігінен құрылады. Сот жүйесінің бірлігі мен сот билігіне толықтай тоқтала кетсек. Қазақстан  Республикасында сот жүйесінің бірлігі дегеніміз – ол Конституциялық заңда, іс-жүргізуші және өзгеде заңдарда белгіленген, барлық соттар мен судьялар үшін ортақ және бірыңғай сот төрелігі болып табылады. Қазақстан  Республикасында сот билігі дегеніміз – ол тұрақты судьялар мен соттың төрағаларынан құралады. Қазақстан Республикасында сот төрелігі тек сот қана жүзеге асырады. Ешкандай өзге органдар мен тұлғалардың судья  өкілеттілігін немесе сот билігін иеленуге құқығы жоқ. Сот ісін қарау тәртібімен қаралуға тиіс өтініштерді, арыздармен шағымдарды басқа ешқандай органның,  лауазымды немесе өзге де адамдардың қарауына немесе бақылауға алуға болмайды.  Судьялар сот  төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және тек Конституция мен заңға ғана бағынады. Судьялар өз кезегінде сот төрелігі принциптеріне сай қызмет жасайды. Судьялардың мәртебесі мен тәуелсіздігіне нұсқан келтіретін заңдарды немесе өзге де нормативтік  құқықтық актілерді қабылдауға жол берілмейді. Судья аталған барлық істер бойынша әділ, заңды сот талқылауын қамтамасыз ету.  Судьяның тәуелсіздігі Конституция мен заңмен қорғалады. Сот билігі Қазақстан Республикасының  атынан  жүзеге  асырылады. 

Қорытындылап айтқанда, сот жүйесі жеке және заңды тұлғалар үшін  маңызы  зор. Себебі, сот арқылы барлық  жағдайды  әділ түрде  шешуге  мүмкіндік  береді. Сот арқылы  әр бір жеке  және заңды тұлға өз құқықтары мен  мүделерін қорғауға болады.

                                             Ақмола гарнизоны әскери сотының  бас маманы А. Бадигулова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.