Тіл тұғыры биіктесін

Тіл тұғыры биіктесін

«Сөзі жоғалған жұрттың, өзі де жоғалады» - деген халқымыздың ұлы ағартушысы Ахмет Байтұрсынұлы.

Жер бетіндегі кез келген халықтың мәңгілік болып қалуы – ұлттық тілінің сақталып қалуы болып табылады.

Қазақ тілі - дүниедегі ең шұрайлы, кестелі тілдің бірі деп жатамыз.

Ия, Қазақ тілі - өте бай тіл! Қазақ тілінде жазылған тамаша шығармалар қанша, жылытатын, жұбататын жырлар қаншама.

Қазақ халқының бойына сіңген ата - бабаларымыздың тәлім - тәрбиесі, үлгі - өнегесі, біздің тұлға болып қалыптасуымызға себепкер болғаны, үлкен үлес қосқаны байқалатыны анық.

Осындай гауһар тілімізді өз дәрежесінде пайдалана алмауымызға кезіндегі кеңес өкіметінің солақай саясаты әсер етсе, ал дәл қазіргі күні қоғамның барлық саласында қазақ тілінің мәртебесі жоғары болуы қажет деп санаймын.

Егемен елімізде өмір сүретін барлық ұлттарға мемлекеттік тілді меңгеруге толықтай жағдай жасалған.

Сонымен қатар, демографиялық тұрғыдан қазақ ұлты ең жоғарғы пайызды құрайтындықтан, қазақ тілінің ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі нақты келді деп есептеймін.

Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте», – деп Қадыр Мырзалиев ағамыз айтқандай, қазіргі қоғам басқа тілді үйренуге еш шек қоймайды.

Дегенмен, қазақ тілін мемлекеттік тіл дәрежесіне көтеруге әр қазақтың үлесі болса екен.

Халқымыздың «Қай тілде сөйлесең, сол тілде ойлайсың.

Қай тілде ойласаң, сол тілдің жанашырысың», «Өсер ел, алдымен, тілін қадірлейді» деген сөздері есімізден шықпағаны жөн деп санаймын.

Әр адам, әр ұжым, әр мекеме өз міндеті мен өз салалары бойынша алға қойылған тапсырмаларды талапқа сай уақытылы орындап отырса, жақсарудың, дамудың жолы сол болмақ.

Солардың бірі де бірегейі болып сот корпусы ерекшеленеді.

Сапалы, дәлелді сот актілері сот билігінің беделін нығайтуға, қоғамның сотқа деген сенімін қалыптастыруға септігін тигізеді.

Халықтың сот жүйесіне сенім деңгейінің жеткіліксіздігі, жекелеген сот актілерінің анық еместігі және уәждерінің түсініксіздігі шешімнің әділеттілігіне және судьяның кәсіби деңгейіне күмән келтіреді.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жөніндегі соттың қаулысы – бұл процестік құжат, онда әкімшілік құқық бұзушылық іс бойынша іс жүргізу нәтижелерінің қорытындысы көрсетіледі.

Осы орайда, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының тарапынан әзірленген «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша жаңа форматтағы сот қаулыларын әзірлеудің және оларды түсіндірудің әдістемелік ұсынымдары» өте орынды және маңызы зор болып табылады.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы 

Мейрамбек Ибрашев

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.