Жаңа заң аясында дауларды бейбіт жолмен шешудің жолдары

Мемлекет басшысы 2019 жылы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында жария-құқықтық даулар бойынша азаматтар мен мемлекеттік аппараттың арасында теңсіздікті жою мақсатында әкімшілік әділет құрылымын енгізуді тапсырған болатын.

Ел Президенті Жолдауда бұдан былай дауларды шешу барысында сот қосымша айғақтар жинау бастамасын көтеруге құқылы деп баса айтты.

Араға бір жыл салып жаңа заң – Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі қабылданып, ағымдағы жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді. Президент Жарлығы негізінде жаңа әкімшілік соттар өз жұмысын бастап кетті.

Жаңа сотта  әкімшілік органның іс-әрекеті немесе әрекетсіздігіне жеке және заңды тұлғалармен шағым келтіріледі, яғни олар қабылдаған шешімге заңдық тұрғыдан баға беріледі.

Жаңа заңға енгізілген басым жаңашылдықтардың бірі ретінде туындаған жария-құқықтық дауларды татуластыру рәсімдерін қолдана отырып шешу мүмкіндігі танылды.

Даулы мәселені ой елегінен өткізіп, материалды және моральды шығындарға ұшырамай, өзара тиімді ортақ келісімге келу арқылы шешу әрине  көңілге қонымды іс.

Ал дауларды сотқа жеткізбей немесе сотта реттеу жақтардың мәселені қысқа мерзімде, шешуге мүмкіндік туғызады.

Бұл түйткілді мәселені Мемлекет басшысы 2020 жылғы Жолдауында қозғап, дау-дамайды шешудің баламалық тәсілдерін дамытуды, тараптарды ымыраға келуге шақыру жұмыстарын алға қою жөнінде тапсырма берді.

Заңнамада дауларды шешудің баламалық әдістері мен татуласу рәсімдерін жүргізу тәртібі де айқындалған.

Ал жаңа заңға оралсақ. Бұдан бұрын жария-құқықтық қатынастардан туындаған даулар бойынша татуластыру рәсімдерін қолдану мүмкіндігі заң нормаларымен қарастырылмаған. Себебі, аталмыш даулар бұрын Азаматтық процестік кодекстің 29 тарауы негізінде, яғни ерекше өндіріспен қаралатын.

Демек, бұл өндіріс аясында қаралатын даулар сотта ортақ бітімге келу жолымен шешілуге жатпайтын.

Ал, жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің басымдылығы әкімшілік істер бойынша татуластыру рәсімдерін қолдануда болып отыр.

Жаңа кодекстің 120 бабында татуластыру рәсімдерінің ережелері бекітілген.

Яғни, жария-құқықтық даулар бойынша тараптар әкімшілік процестің барлық сатысында сот шешім шығаруға кеткенге дейін татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасасу арқылы әкімшілік істі толығымен немесе ішінара аяқтай алады.

Алайда заңда жауапкердің әкімшілік қалауы болған кезде ғана тараптардың татуласуына жол беріледі делінген.

 Ал, әкімшілік қалау деген жаңа ұғым әкімшілік органның, лауазымды адамның заң аясында ықтимал шешімдердің бірін қабылдау дегенді білдіреді.

Заң шеңберінде сот тараптардың татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту туралы өтінішхатын сот отырысында немесе алдын ала тыңдауда қарайды.

Сәйкесінше, нәтижесінде келісімді бекіту немесе келісім шарттары заңға қайшы келетін болса, басқа да адамдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін бұзатын болса одан бас тарту туралы ұйғарым шығарады.

Жауапкер тараптың көбіне бектілген келісімнің шарттарын орындамауы жиі орын алады. Ал осы жағдайда, заң талаптарына сай, сот қарсы тараптың өтінішхаты бойынша атқару парағын береді және оның негізінде келісімде көрсетілген талаптар мәжбүрлеп орындатуға жатады.

Дау бойынша ортақ бітімге қол жеткізілмеген жағдайда әкімшілік іс жалпы тәртіппен сотта қаралып, тиісті шешім қабылданады.

Жаңа кодекстің 121-бабы сотта медиация жүргізудің тәртібін қарастырады. Яғни, бірінші сатыдағы сотта медиация жүргізу үшін әкімшілік іс медиация туралы келісімді бекітетін басқа судьяға беріледі, болмаса өтінішхатпен әкімшілік іс өзінің іс жүргізуіндегі судья жүргізуі мүмкін.

Ал, егер бөгде адамның сотқа қатысуы арқылы дауды реттеуге мүмкіндік туатын болса, сот ол адамды медиацияға шақырады.

Жаңа заң қабылданғаннан кейін, қолданыстағы 2011 жылғы «Медиация туралы» заңға да өзгерістер енгізілді. Онда жеке және заңды тұлғалар мен  мемлекеттік органның арасындағы дауға медиация рәсімі ҚР заңдарында көзделген жағдайда қолданылады делінген.

Осы орайда, біркелкі сот практикасы қалыптасу үшін, сондай-ақ, әкімшілік даулардың ерекшелігін ескере отырып, заңдарға бірқатар өзгерістер енгізген жөн деп санаймын.

Жалпы қақтығыс, талас-тартыспен ұштасатын дауларды шешудің тиімді тетіктері аз емес.

Заң шеңберінде дауларды шешудің баламалы тәсілдері ретінде медиативтік, партисипативтік және татуласу келісімдері қарастырылған.

Татуластыру рәсімдерінің барлығы дерлік азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған.

Дау-дамайды медиация тәртібімен реттеу екі тараптың ерікті түрде медиатордың көмегіне жүгінуімен немесе сотта ортақ келісімге келу жолымен реттеледі.

Медиация тәртібімен істердің қаралуы барысында тараптар талап қоюдың нысаны мен негізін өзгертуге құқылы.

Әкімшілік талап қою салдарынан туындаған істерді бейбіт келісімге келу арқылу шешу бірінші кезекте арадағы бейбіт қарым-қатынасты орнатуға, қоғамдағы даукестік ахуалдың азаюына зор септігін тигізеді.

Нұр-Сұлтан қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы      

Сәуле Қабидолдина

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.