Сотқа дейінгі хаттама» - заңнамадағы татуластыру рәсімдерінің қолданылу аясын кеңейтеді
Сырым аудандық сотында талап қоюшы Н-ның жауапкер И-дан 150 000 теңге материалдық зиян өндіру туралы талабы тараптардың сотқа дейінгі хаттаманы толтыруы арқылы татуласуымен реттелді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 73-бабына енгізілген өзгерістерге сәйкес, дәлелдемелерді тараптар және іске қатысатын басқа да тұлғалар бірінші сатыдағы сотқа олар сотқа дейінгі хаттаманы жасай отырып, талап қоюды қабылдаған кезде ұсынады, онда тараптардың және іске қатысатын басқа да тұлғалардың олар өздерінің талаптарының немесе қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасауға және істі сотта қараған жағдайда оларды пайдалануға ниет білдірген дәлелдемелерді ашу, ұсыну және алмасу бойынша әрекеттері көрсетіледі.
Заңнамадағы татуластыру рәсімдерін қолдану саласын кеңейтетін «Сотқа дейінгі хаттама» жайындағы жаңашыл норма басшылыққа алынып, татуластырушы судьямен тараптарға сотқа дейінгі хаттама жасау арқылы татуласудың тиімділігі мен салдары түсіндіріліп, татуластыру шаралары жүргізілген.
Нәтижесінде тараптар, дәлелдемелері мен дауды бейбіт жолмен реттеудің нұсқалары ұсынылған сотқа дейінгі хаттаманы жасау арқылы татуласып, дауды реттеу туралы келісім жасасқан. Сот ұйғарымымен дауды реттеу туралы келісім бекітіліп, іс жүргізу өндірістен тоқтатылды.
Ж-М.А.Вебер
Сырым аудандық сотының Кеңсе меңгерушісі Батыс Қазақстан облысы
[xfvalue_img]
7 пікір