Мемлекеттік тілдің мәртебесі

Мемлекеттік тілдің мәртебесі

Тіл – ұлттың негізгі белгісі ретінде халықтың болмыс-бітімінің сақталуында шешуші рөл атқарады және оның рухани мәдениетінің бір бөлігі. Әр адамды мұратқа жеткізетін – оның ана тілі мен ата дәстүрі. Сондықтан да тіл өзіне деген құрметті талап етеді. Мемлекеттік тіл мемлекеттің бүкіл аумағында барлық салада қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шы­ғару, сот ісін жүргізу, іс қағаз­дарын жүргізу тілі саналады.

22 қыркүйек 1989 жылы Тілдер туралы заң қабылданып, Қазақ тіліне мемлекеттік тіл мәртебесі берілді. Кейін, егемендік алған соң 1995 жылы Ата заңымыздың 7 бабына сай, «Қазақ тілі – мемлекеттік тіл» болып айқындалды. Қазіргі қоғам басқа тілді үйренуге еш шек қоймайды. Дегенмен, «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте», - деп Қадыр Мырзалиев ағамыз айтқандай, басқа елдің тілдерін көп білсек те, ана тіліміз олардан биік жоғары тұруы тиіс.

Еліміздің егемендік алғалы ширек ғасырға жуық уақыт өтсе де, қаншама жұмыстар жасалынып жатырса да, мемлекеттік тіліміздің дәрежесін Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін құрметтей отырып, оның кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ету деген биік мақсатқа әлі жетпегеніміз шындық. Тілдің мәселесі – түгел ұлттың мәселесі. Сондықтан да, кезек күттірмейтін тағдырлы мәселелер қатарында Қазақстанның мемлекеттілігін айқындаған, Ата заңымызда мемлекеттік тіл мәртебесі берілген Қазақ тілінің тұрғандығы айқын.

Халқымыздың «Қай тілде сөйлесең, сол тілде ойлайсың. Қай тілде ойласаң, сол тілдің жанашырысың», деген сөздерін естен шығармауымыз қажет. Әр халықта тіл сөйлеу мен ойды жеткізудің құралы ғана емес, өзге елдердің алдында дәрежесін айқындап, тарихынан хабар беретін, болшағына болжам жасайтын қастерлі де, қасиетті тұғырлы қаруы екені мәлім. Ата-бабаларымыздан аманат болып келе жатқан күмбезді тілімізді саф, таза күйінде келер ұрпаққа жеткізу біздің заманымыздың үлесінде. Сондықтан, Қазақ тілін мемлекеттік тіл дәрежесіне көтеріп, тіл мерейінің жоғарылауы жолында баршамызға бірігіп әрекет етуде әр Қазақтың үлесі маңызды болып отыр.

Ақтөбе гарнизоны әскери сотының бас маманы – сот мәжілісінің хатшысы Б.А.Ермухамбетова

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.