Судьялар сот орындаушыларының әрекеттеріне шағымдану бойынша істерді қарау тәжірибесін талқылады
Нұр-Сұлтан қаласы сотының әкімшілік істер жөніндегі алқа төрағасы Дамир Әбдіғалиевтің бастамасы бойынша Әділет департаментінің алаңында атқарушылық әрекеттерді жасау заңдылығын талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел жұмысына елордалық әкімшілік соттың төрағасы Руслан Мажитов, Нұр-Сұлтан қаласы Әділет департаментінің төрағасы Арман Ақылбай, жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының басшысы Ерлан Онтаев, судьялар мен сот орындаушылары қатысты.
Іс-шара барысында 2021 жылдың 01 шілдесінен бастап сот орындаушыларының әрекеттеріне шағымдану туралы талаптарды қарау нәтижелері талқыланды.
Алқа төрағасы Дамир Әбдіғалиев келіп түскен талап-арыздардың жартысына жуығы сот орындаушыларының әрекеттерімен келіспеуге байланысты талап-арыздардан тұратынын атап өтті.
Осы санат бойынша шығарылған шешімдердің (302 шешім) жартысына жуығы (134 шешім) талапкерлердің пайдасына шығарылды.
Мұндай көрсеткіштер алаңдаушылық туғызады, өйткені сот актілерін тиімді және заңды орындау азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтірудің маңызды кезеңі болып табылады.
Іс-шара барысында дауды бейбіт жолмен шешу мүмкіндігіне тағы да назар аударылды.
Судьялар сот орындаушыларына атқарушылық іс жүргізу тараптарының құқықтарын қорғау үшін заңнамада көзделген барлық шараларды қолдануға кеңес берді.
Іс-шара соңында атқарушылық іс жүргізу тараптары мен сот орындаушылары арасындағы дауларды азайту үшін ұсынымдар әзірленді.
[xfvalue_img]
21 пікір