Ерлі-зайыптылардың арасындағы дау шешілді
Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық сотымен талап қоюшы аз.Б.-ның жауапкер аз.Н.-нан кәмелетке толмаған балдарын асырап бағу үшін және ортақ баласы үш жасқа толғанға дейін алимент өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.
Сотта тараптардың некелері сот шешімімен бұзылғаны, ортақ некеден төрт баласы бары және бұрынғы жұбайы сот бұйрығын даулап алимент төлеуден бас тартқанына байланысты жұбайы алимент өңдіру туралы талап арызбен сотқа жүгінгені анықталды.
Істі қарау барысында тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келгенін, оның шарты бойынша: талап қоюшы Б.-ға жауапкер Н. 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін соммасы 15 000 000 теңгеден аспайтын екі бөлмелі пәтер алып беруге және ай сайын алимент өңдіруді міндеттенеді.
Өз кезегінде, талап қоюшы жоғарыда аталған жылжымайтын мүлікті алғаннан кейін, ортақ мүлікті бөлу туралы талап қою арызымен сотқа жүгінбеуге міндеттенді.
Сонымен қатар, тараптар балалардың тұрғылықты жерін және кездесу тәртібін анықтау дауы бойынша өзара келісімге келетіндерін және кәмелетке толмаған балалардың мүддесін ескеретіндерін міндеттенді.
ҚР АПК-нің 277-бабы 6-тармақшасына сәйкес, тараптар дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасаса және оны сот бекітеді.
Осыған орай, сот ұйғарымымен азаматтық іс бойынша дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітіліп, іс бойынша өндіріс тоқтатылды.
Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.
[xfvalue_img]
12 пікір