Ювеналды сот және "Құқық"қоғамдық қоры арасында меморандум жасалды
Нұр-Сұлтан қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты және "Құқық" қоғамдық қоры өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасасты.
Меморандум аясында тараптар уәкілетті органдардың, азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері бойынша, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы бұзушылықтарды анықтау және жою, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған бірлескен іс-шаралар өткізу, жасөспірімдердің де, ата-аналардың да құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша өзара ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру туралы келісімге келді.
Сот төрайымы Жанаргүл Алпысбаева кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға және құқықтарын қорғауға бағытталған мемлекеттік саясатты жүзеге асырудағы қоғамдық қордың ерекше рөлін атап өтті.
[xfvalue_img]
18 пікір