Қазақстандағы Медиацияның болашағы

Қазақстандағы Медиацияның болашағы

2010 жылдың 18 тамызындағы «Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығында «Қылмыстық сот ісін жүргізуде бітімгерлік рәсімдерді кеңейтуге, оның ішінде медиация институтын дамытуға, сондай - ақ, жеке ашық айыптау қылмыстық істерінің санатын кеңейтуге» тапсырма  бергенін баршамыз жақсы білеміз.

      Қазақстан Республикасының № 41-І «Медиация туралы» Заңы 2011 жылғы 28 қаңтарда қабылданған, 2011 жылдың 5 тамызында күшіне еңді.

     Медиация - дауды шешудің баламалы жұмсақ түрі.

     Медиация тәртібінде дауда жүрген екі жақ тараптары, медиатордың білім мен біліктілігінің тәжірибесіне сүйене отырып,  екі жақты пайдалы шешімге ерікті түрде келеді.

   Жеке және (немесе) заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын, сондай-ақ онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын даулар (дау-шарлар) медиацияның қолданылу саласы болып табылады.

      Медиацияның мақсаттары дауды (дау-шарды) шешудің медиацияның екі тарапын да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу және тараптардың дауласушылық деңгейін төмендету болып табылады.

      Медиация институты қазаққа жат емес.

      Медиацияны көп жағдайда алаш жұртында орын алған ежелгі билер сотымен салыстырады. Оған себеп – медиация бітімгершілік пен ымыраластыққа бағытталған. Заңның жалпы сипаты мен тұжырымдамасы да қазақтың ықылым заманнан қолданып келе жатырған билер сотының үлгісі.

   «Медиация туралы» заң күшіне енгелі осы заң туралы сот саласы қызметкерлері мен қарапайым халық арасында жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр.

    Жеке және заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық, сондай ақ, аса ауыр емес, ауырлығы орташа қылмыстарға қатысты істерге медиация тәртібін қолдануға болады. Алайда, тараптардың бірі мемлекеттік орган болып табылатын болса, оған бұл заңның рәсімі қолданылмайды. Сол секілді, сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы қылмыстарға да бұл тәсілді қолдануға болмайды.

         Жеке азаматтар мен жалпы қоғам үшін маңызы жоғары бұл істі жүргізу барысында медиаторлар тараптардан, мемлекеттік органдардан және өзге де лауазымды, жеке тұлғалардан тәуелсіз болады.

   Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы бойынша дауларды жеке қарсылық аясынан шығарып, мүдделі пікірталас аясына беру көзделген. Мүдделі азаматтар мен ұйымдарға дауларды сотқа жүгінбестен, сотқа дейінгі сатыда қарау барысында шешу іс-әрекеттерін бір жүйеге келтіру қамтылады. 

       Оның қызметіне нақтырақ тоқталатын болсақ, қырық жасқа толған және кәсіпқой емес медиаторлар тізілімінде тұрған тұлғалар медиатор қызметін кәсіби емес негізде жүзеге асыра алады. Дауласқанды сөзге тоқтатып, татуластыратын, бітімге келу арқылы шығынның орнын толтыратын қазақтың дала демократиясындағы билердің мәмілегерлік институты өркениеттік үлгі ретінде қайта оралып жатыр.

      Бітімгершілік - дауды шешудің озық әдісі болып табылады. Ұсақ-түйек келіспеушіліктердің бітімгершілікпен шешілуі, қиын істердің сапалы қаралуына ықпал етіп, азаматтардың уақытын үнемдеп, сот барысында орын алатын моральдық, материалдық қиындықтардан құтқарады. Бұл халыққа да, сотқа да тиімді. Қазіргі таңда бұл заң республика көлемінде жүзеге асырылуда.

    Сондықтан бұл заңды халыққа жете түсіндіріп, дауларды сотқа жеткізбей-ақ бітімгершілікпен шешу мәселесін көтеріп, жұмысты оңтайландыра түскен жөн деп санаймыз.

       Қазіргі кезде дауды шешудің озық жүйесі медиацияның, қоғамға келтірер тиімділігі мол болатынына  сенімдіміз.

Ақмола гарнизоны әскери сотының кеңсе меңгерушісі Н.Қайратқызы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

5 пікір

  1. аватар
    EE88 896 3 декабря 2024 21:49

    EE88 la nha cai ca cuoc truc tuyen duoc thanh lap tu nam 2012, hoat dong duoi su giam sat cua First Cagayan Leisure and Resort Corporation tai Philippines. ee88vie.com

  2. аватар
    Lu88 1056 8 декабря 2024 06:13

    Lu88 la nha cai uy tin da duoc cap giay phep hoat dong cua PAGCOR va European Parliament and Commission Transparency Registry va hoat dong hop phap tai nhieu quoc gia o chau A. lu88.link

  3. аватар
    net79 19 декабря 2024 01:54

    Choi the thao, xo so, game bai doi thuong, casino online, ban ca, slot, lo de online da tay tai net79 se giup anh em giai toa cang thang hieu qua net79.vip

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.