Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесі

Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесі

Қазақстан Республикасының Конституциясының 7 бабының 1 тармағында көзделгендей, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл–қазақ тілі деген құқықтық нормаға сәйкес анықталған.

   Қазіргі қоғамның даму барысы, уақыт талабы заңдарды одан әрі жетілдіруді талап етуде және де оны кешіктіре беруге болмайды.

     Мемлекеттік қызметте барлық лауазым иелеріне қазақ тілін  білу талабы, міндеті Конституцияның нақты құқықтық нормаларында қарастырылған.

   «Тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4 бабының 2 тармағында «мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі»- деп көрсетілген.

     Мемлекеттік тіл - мемлекеттік атрибут ретінде мемлекеттік қызметте өз функциясын атқару үшін қажет.

     Тәуелсіздік алған уақыттан бері елде қазақ тілін еркін меңгеруге толық мүмкіншілік жасалған.

   Мемлекет басшысы болып танылатын Президенттік лауазымға мемлекеттік тілді еркін меңгерген Республика азаматы сайлана алады деген құқықтық нормаға ешқандай дау жоқ. Дау айтып ешкім дауласа да алмайды. Себебі, тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев мемлекет басшысы ретінде, елдегі ең жоғары лауазымды тұлға ретінде өзінің қазақ тілін еркін меңгерген азамат екендігін іс жүзінде дәлелдеп келеді.

     Президент Қазақстанның болашағы қазақ тіліне байланысты деп өз ұстанымын, позициясын ашық, анық жариялап отыр. Конституцияның мызғымастығының нышаны әрі кепілі екендігін іс жүзінде көрсетіп отыр.

       Қазақ тілінің мемлекеттік тіл болып танылуы қазақ ұлтына, қазақ тіліне берілген артықшылық емес, ол тек мемлекетіміздің бір анықтауыш, шешуші белгісі ғана.

   Мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының борышы. Тіліміздің тарихы – халқымыздың тарихының көрінісі.

     Мемлекеттік тілдің қолдану аясын одан әрі кеңейту мақсатында сот саласы қызметкерлерінің іс қағаздары толық қазақ тілінде жүргізіліп келе жатырғанына да бірнеше жыл болды.

      Өз басымыздан, Ақмола гарнизоны әскери сотында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге үнемі назар аударылып, сот ісі мен іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге қатаң талап қойылуда.

     Мемлекеттік тілді насихаттау мен қолдану Ақмола гарнизоны әскери сотында жақсы жолда. Қазақ тіліндегі қатынас хаттардың сауаттылығы, тілді насихаттау жұмыстары мен нақты мемлекеттік тілде іс қарау сапасы тиісті деңгейде.

    Сот төрағасымен өткізілетін жедел отырыс жиналыстары, семинарлар, лекциялар, барлығы да мемлекеттік тіл - қазақ тілінде жүргізіледі.

      Сот мамандарының барлығы да толықтай мемлекеттік тілді игерген және іс қағаздары қазақ тілінде жүргізіледі.

      Мемлекет құраушы ұлт тілінің туын Қазақстандықтардың өздері көтермесе кім көтереді?

   Сондықтан, Мемлекеттік тілдің мәртебесін, қажеттілігін арттыруға Отанын, ұлтын сүйген әр азамат ат салысып, жоғары парасат танытқаны жөн деп қортындылаймын.

Ақмола гарнизоны Әскери сотының

бас маман сот отырысының хатшысы С.Аманбек

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

6 пікір

  1. аватар
    Delmar 14 сентября 2023 02:17

    I just like the valuable information you supply
    on your articles. I'll bookmark your blog and check once more here frequently.

    I'm moderately certain I will be told lots of new stuff right right here!
    Good luck for the following!

    Also visit my blog post :: waar arestin te
    vinden

  2. аватар
    Mohamed 8 сентября 2024 19:42

    механика бөліміне есептер шығару, физика
    есептер 9 сынып күрделі мүшелер қай
    сөз табынан жасалған, күрделі сөйлем мысал inditex интернет-магазин,
    как заказать зара через интернет білім табыс көзі эссе,
    ақыл білім бірлік
    туралы эссе
    эссе

  3. аватар
    Billie 24 октября 2024 07:43

    билік тармақтары, билік түрлері книга кайдзен планирование, кайдзен
    книга читать онлайн олх
    колеса бу, продать колеса бу deloitte компания, deloitte
    дочерние компании

    My web blog ... химия-биология мұғалімі

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.