16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні.

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні.

Тәуелсіздік... Тәуелсіздік деген сөздің өзі жүрекке жылулық, жанға тыныштық беретіндей көрінеді.

      Тәуелсіздік- бабалар аңсауы,ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Себебі тәуелсіздік жолында қаншама қан мен тер төгілді. Тарих беттерінде бостандықты аңсап, тәуелсіз ел, тұғырлы мемлекет боламыз деген мақсатпен талай соғыстар, қан майдандар, азаттықты армандаған көтерілістер мен бейбіт шерулер таспен қашалып жазылғандай. Керей мен Жәнібек хандар бастаған сонау заманнан аңсаған тәуелсіздігімізге қол жеткізу үшін жаужүрек батырларымыз қан майданда жанын пида еткен. Қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері өздерінің үндеуінде, өлең-шығармаларынд бостандықты ту еткен. Егемен Қазақстан болып қалыптасуымыз үшін жастарымыз аянбаған.

1991 жылы 16 желтоқсанда азаттыққа қол жеткіздік. 16 желтоқсан- ата-бабаларымыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні.

Тәуелсіздік – ең алдымен Қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сол себепті әрбіріміз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Тарихымызға үңілер болсақ, қыршынынан қиылып,тәуелсіздікті тілеген Қайрат, Сәбира, Ләззат сынды ержүрек, батыл әрі батыр ұл-қыздарымыздың арқасында қазіргі егемендігімізге жетіпотырмыз. Боздақтарымыздың көзін жасқа малыған, желтоқсанның ызғарында бейбіт шерулері ел есінде. Елге еткен еңбектері ерен, батырлықтарымәңгілік жадымызда сақталады.

      1991 жылы-Қазақстан дегенатпен төрт дүркін әлемгетанылдық.азаттықтың көк туын қолға алған кез. Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі биыл , міне,  30 жыл. Отыз жыл ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел болды. Бұл атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі. 1991 жылы 16 желтоқсанда егемендігін алған еліміздің өз президенті, ұлты мен ұлысы, салты мен дәстүрі, мәдениеті мен экономикасы болды. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық. 

       Елбасы өз Жолдауында құқық қорғау жүйесін реформалаудың бағыттарын көрсетіп берді, олар – құқық қорғау жүйесін оңтайландыру, әрбір мемлекеттік органның нақты құзыретін белгілеу, заңдарды ізгілендіре отырып сапасын арттыру, құқық қорғау жүйесінің қызметінде ішкі ведомстволық мүддеден азаматтардың құқық пен мемлекеттің мүддесін қорғауға ауыстыру. қазіргі күнде жүзеге асырылып отырған қамауға алу, үйде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шараларын қолданудың сотқа берілуі азаматтардың конституциялық құқықстарының сақталуының кепілі болып, сот жүйесінде қолдануда жақсы қорытындыларын көрсетуде. 

 

      1993 жылғы 28 каңтарда "Қазақстан Республикасының Конституциясы" жарияланды. Жаңа Конституциядағы 16-шы тарау сот билігіне арналды.

Конституцияның 95-бабында Қазақстандағы сот билігі Конституциялық Сотқа, Жоғарғы Сотқа және Жоғарғы Төрелік Сотқа, сондайақ, заң бойынша құрылатын төменгі соттарға тиесілі екені атап көрсетілді. Онда: "Ешқандай өзге органның, лауазымды немесе өзге адамның сот билігі міндеттерін өз мойнына алуға қақысы жоқ" делінген. "Конституциялық Сот — Казақстан Республикасы Конституциясын қорғау жөніндегі сот билігінің жоғарғы органы деп табылатынын" атап, белгілеп берді.

1994 жылдың 12 ақпаны күні Казақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың "Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасы туралы" № 1569 қаулысы шықты. Қаулыда Республикадағы сот жүйесін реформалау туралы жан-жақты айтылды. Сот әділдігін өміршең етуде соттардың кәсіби деңгейін көтеру, оларды ұйымдық жағынан нығайту, іс қарауда соттардың ешкімге тәуелді болмауын тиімділікпен арттырудың жаңа жобасы жасалды. Сондай-ақ, жалпы соттар мен төрелік соттарға жіктелудің де қажет емес екенін анықтап берді. Республика Президенті Жоғары Сот Кеңесінің және Әділет біліктілік алқасының ұсынуымен судьялардың судьялық қызметтік міндетін түпкілікті бекітуді талап етті. Соттардың кызметін жан-жақты қамтамасыз етудегі кадр, ішкі шаруашылық істермен айналысуды сот істерінен бөліп, аппарат басшылығына жүктеу көзделді.

Аталған қаулыда судьялардың әлеуметтік жағдайларын арттыру да маңызды мәселе ретінде қаралды. Судьялардың құқықтарын мемлекеттік тұрғыдан қорғап, отбасы мүшелерін әлеуметтік тұрғыдан қорғап, қолдаудың принципті үлгілері нақтылы көрсетілді.

Жоғарғы Сот Республикадағы жалпы соттардың ең жоғарғы ұйымы болып табылатыны атап көрсетілді. Оның қүзыретіне ең жоғарғы лауазымды түлғалардың қылмыстық істері жөніңдегі сот істерін қарау, сондай-ақ, кассациялық, қадағалау сатыларының міндеттері және заңдарды қолдану жөніндегі мәселелерге түсінік беруді жүзеге асыру кірді.

Бұл қаулыда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты арнайы сот алқаларына бөлініп құрылатыны, судьялар құрамы да соған қарай іріктелетіні көрсетілді. Сондай-ақ, облыстық соттың құрылымы, оның төрағасы, алқа төрағалары, оған теңестірілген қалалық соттың да құрылым жүйесі осы негізде болды. Ал, Қазақстан аумағындағы әскери сот дәрежесіне міндетіне қарай Республика Жоғарғы Соты Пленумының құрамына кіретіні айтылды. Осы уақытқа дейін барлық сот сатыларында сот ісіне қатысып келген халық заседательдерінің институтын жою керектігі көрсетілді.

1995 жылғы 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың "Қазақстан Республикасындағы соттар жөне судьялардың мәртебесі туралы" заң күші бар Жарлығы шықты. 84 баптан тұратын бұл жарлық республикадағы тәуелсіз сот билігі мен судьялардың мәртебесі туралы әлемдік өркениеттегі құқықтық нормаларға сай келетін жаңаша заңдар ережесін жасап, бекітіп берді.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының тарихындағы еліміздегі құқықтық қатынастарға сай сот әділдігін жүзеге асыруда, оның құрылымдық жүйесін әр жылдардағы замана саясатына сәйкес жетілдіріп, қоғам мен халық мүддесіне орай сот әділдігін жүргізуде Жоғарғы Сот осындай биік белестен өтті.

         Алғашқы жылдарда басым мақсаттардың қатарында егемендікті нығайту, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экономикадағы қиыншылықтарға жауап беру болған еді. Сондықтан бүгінгі күні халқымыз өткеннен қалған тарихи өнегені, отансүйгіштікті, ұлтына деген махаббатты жоғалтпай, әрі қарай жастардың патриоттық сезімін енгізуге ерекше көңіл бөлу керек деп ойлаймын.

 «Өзегімді өртке ораған қоғамда,

Өз үйіме өзім өгей болам ба?!

Алшаң басып жүре алмаса алты алаш

Азаттығым! Қадірің де жоқ онда!

Саған жету қиын болса қаншалық,

Сақтап тұру қиынырақ одан да!

Алла берген азаттықтың әр сәті-

Аманат қой

Маған,

Саған,

Оған да!» деп Қалқаман Сарин өз өлең жолдарындарын тәуелсіздікке арнап, егемендіктің туын биік ұстау әрбіріміздің міндетіміз, азаматтық борышымыз екендігін атап өткен. Атамекен, туған жерімізді қастерлеп, бағалап, керегесі кең, босағасы берік еліміздің тәуелсіздігін көздің қарашығындай сақтап, қорғайық! Себебі ол оңайлықпен жетпеген жеңіс. Көздің жасы мен маңдай тердің арқасында жеткен жетістік. Арманы асқақ жастар еліміздің көркейіп, әлемдік аренада ойып тұрып орын алатындай тарихымыз бен экономикамызды дамытуға үлес қосу әрбіріміздің қолымызда деп есептеймін. Тәуелсіздігіміздің отыз жылдығында мемлекетіміз биік белестерге жетіп келе жатқанында күмән жоқ. Ол спорт, мәдениет, экономика, білім мен ғылым салаларының қарқынды түрде дамып келе жатқандығынан болар. Қазіргі таңда тәуелсіздігімізбен мақтанып, шаттанып айта аламыз. Ол бостандықтың белгісі. Өзіміздің көк байрағымыз, әнұранымыз бен елтаңбамыз – тәуелсіздік символдары. Тәуелсіздік — халықтың үні, ұлттың тілі мен ділі. Тәуелсіздік — теңдесі жоқ байлығым.

Ақмола гарнизоны әскери сотының ьбас маман- сот мәжілісінің хатшысы

Аманбек Сая Спабекқызы

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.