Сот азаматтың жер учаскесін алу құқығын қалпына келтірді
Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты талапкер А-ның Қостанай ауданының әкіміне, Жамбыл ауылдық округ әкіміне жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алуға есепке қою туралы шешімді қабылдау міндетін жүктеу туралы талап арызын қанағаттандырды.
Сот бұрын талапкерге қатысты хаттамалық түрде Қостанай ауданы бойынша жер комиссиясының қорытындысы шығарылғандығын анықтады, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін беру туралы өтініші қанағаттандырылған.
Алайда, сұралып отырған жер учаскесі арқылы жоғары қысымды газ құбырының өтуіне байланысты жер учаскесінде құрылыс жүргізу мүмкін емес.
Сол кезде заңды күші болған жеке тұрғын құрылысы үшін жер учаскелерін беру ережелерін бұза отыра, азамат А. арнайы есепке де қойылмаған, бұл оның болашақта жер учаскесін алу құқығынан айырды.
Жергілікті атқарушы органдардың атына азаматтардың құқықтарын бұзуға жол бермеу туралы жеке ұйғарым шығарылды.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
[xfvalue_img]