Сот актілерінің орындалуы
Заңды күшіне енген сот шешімдері, сондай-ақ соттар мен судьялардың заңды өкімдері мен басқа да жолданыстары барлық мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, қоғамдық бірлестіктер, басқа да заңды тұлғалар, лауазымды адамдар мен азаматтар үшін бірдей міндетті және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында мүлтіксіз орындалуға тиіс.
Заңда «Шешім дереу орындалатын жағдайларды қоспағанда, заңды күшіне енгеннен кейін орындауға жіберіледі» -деп көрсетілген. Соттың шешімі заңды күшіне енгеннен кейін атқару парағы жазылып беріледі.
Мүлік тәркіленген, мемлекет кірісіне өндіріп алынған, сондай-ақ қылмыспен келтірілген зиянды өндіріліп алынған, алименттер өндіріп алынған, тарапы мемлекет болып табылатын мертігуден немесе денсаулыққа өзге зақым келуден, асыраушысынан айырылудан келтірілген зиянның орны толтырылған жағдайда, сот өз бастамасымен ол жазылып берілген күннен кешіктірмей атқару құжатын аумағы бойынша тиісті әділет органына орындауға жібереді. Яғни, ықпалды, тиісті органдарға уақытылы, дер кезінде жөнелтілу қаралған. Соттың дереу орындалуға тиісті шешімі бойынша атқару парағы шешім шығарлығаннан күннен кейінгі жұмыс күннен кешіктірілмей жазылып орындауға жолданады. Бұл уақыт ешқашан бұзылмауы керек, ол да қатаң бақыланады. Атқару парағын бірінші сатыдағы сот шешім заңды күшіне енген немесе іс жоғары тұрған соттан қайтарылған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде жазып жолдайды. Атқару құжаты судьяның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландыратын электрондық атқару құжаты нысанында жазылып берілуі мүмкін деп көрсеткен.
Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 21 бабының 2,3 тармақтарына сәйкес, заңды күшіне енген сот актілері, сондай-ақ сот төрелігін жүргізу кезінде соттар мен судьялардың сұрау салуларына жауап беру барлық мемлекеттік органдар үшін міндетті. Сонымен бірге сот актілерін орындамау, сол сияқты құрметтемеудің өзге де көрінісі заңда көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 669 бабымен сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау, жеке тұлғаларға - бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға, лауазымды адамдарға, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға - жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді. Сондықтан, әр азамат сот актілерін бұлжытпай, уақытылы орындауға міндетті.
Мұғалжар ауданының № 2 аудандық
сотының кеңсе бас маманы
Г.Ж.Курбанова
[xfvalue_img]