Әрбір сот актісі орындауы тиіс

Әрбір сот актісі орындауы тиіс

Сот билігінің абыройы тек қана сот актілерін шығарған кезде азаматтар мен заңды тұлғалардың қаншалықты құқықтары қорғалғанын да ғана емес, сонымен қатар берілген актінің толық және уақытында орындалуына байланысты өлшенеді. Қабылданған әрбір сот актілері тұрақты түрде орындалуы-құқықтық мемлекеттің ең басты көрсеткіші. Себебі, сот шешімі соңғы шешім әрі мемлекеттің шешімі секілді алып күш.

Заңды күшіне енген сот шешімдері, сондай-ақ соттар мен судьялардың заңды өкімдері мен басқа да жолданыстары барлық мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, қоғамдық бірлестіктер,басқа да заңды тұлғалар, лауазымды адамдар мен азаматтар үшін бірдей міндетті және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында мүлтіксіз орындауға тиіс.

Бұл жөнінде заңымызда «Шешім дереу орындалатын жағдайларды қоспағанда, заңды күшіне енгеннен кейін орындауға жіберіледі» - деп көрсетілген. Соттың шешімі заңды күшіне енгеннен кейін атқару парағы жазылып беріледі. Мүлік тәркіленген, мемлекет кірісіне өндіріп алынған, сондай-ақ қылмыспен келтірілген нұсқан өндіріліп алынған, алименттер өндіріп алынған, тарапы мемлекет болып табылатын мертігуден немесе денсаулыққа өзге зақым келуден, асыраушысынан айырылудан келтірілген зиянның орны толтырылған жағдайда, сот өз бастамасымен ол жазылып берілген күннен кешіктірмей атқару құжатын аумағы бойынша тиісті әділет органына орындауға жібереді. Яғни, ықпалды, тиісті органдарға уақытылы, дер кезінде жөнелтілу қаралған. Соттың дереу орындалуға тиісті шешімі бойынша атқару парағы шешім шығарлығаннан күннен кейінгі жұмыс күннен кешіктірілмей жазылып орындауға жолданады. Бұл уақыт ешқашан бұзылмауы керек, ол да қатаң бақыланады. Ал, енді, атқару парағы жөнінде айта кетсек, атқару парағын бірінші сатыдағы сот шешім заңды күшіне енген немесе іс жоғары тұрған соттан қайтарылған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде жазып жолдайды. Атқару құжаты судьяның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландыратын электрондық атқару құжаты нысанында жазылып берілуі мүмкін деп көрсеткен.

 Заңымызда яғни ҚР Азаматтық процестік Кодексінде барлығы тарам-тарам жол секілді айқын көрсетіліп тұр, тек соны қателеспей орындау әрбір сот мамандарының міндеті. Бұл міндетті бұлжытпай орындау әр азаматтың міндеті.

Ақмола гарнизоны әскери сотының бас маман сот отырысының хатшысы

А.Сайлауова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.