Жаңа Кодекстің талаптары түсіндірілді

Жаңа Кодекстің талаптары түсіндірілді

Қаратөбе аудандық сот төрағасы М.Шүкіров Сулыкөл ауылдық округінде жұмыс сапарымен болып, Қаратөбе ауданының әкімі Қ.Сүйеугалиевтің, аудан прокуроры А.Таспиковтың,  аудандық полиция бөлімінің бастығы Р.Дуйсегалиевтің, аудандық бөлім басшылары және ауылдық округ әкімінің қатысуымен ауыл тұрғындарымен кездесіп, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес мемлекеттік құрылымдар қызметінің ашықтығы мен тиімділігін арттырып, мемлекеттік органдардың шешім қабылдау процесінде және сотта мемлекеттік органдармен дауларды қарау кезінде жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын қорғауды реттейтін Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (әрі қарай, ӘРПК) нормаларын түсіндіру бойынша баяндама оқып, жаңа кодекстің негізгі талаптарына түсіндірме берді.

Сот төрағасы баяндамасында жаңа ӘРПК ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгенін, бұл кодекс мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдерін, әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыруға байланысты қатынастарды, сонымен қатар, әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібін реттейтінін, ал, әкімшілік сот ісін жүргізу міндетіне жария-құқықтық қатынастарда жеке және заңды тұлғалардың бұзылған немесе дау айтылатын құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғап, қалпына келтірумен қатар, дауды әділ, бейтарап және уақытылы шешу кіретінін, аталған заң шеңберінде дауларды қарайтын облыс орталықтарында жаңа мамандандырылған әкімшілік сот құрылғанын, алайда жеке тұлғаның таңдауы бойынша талап қоюлар аудандық сотта да қаралуы мүмкін екенін, бұл үшін талап қоюы кәсіпкерлік қызметімен байланысты болмауы және талап қоюшы сол ауданда тұруы тиіс екенін түсіндірді. Сонымен қатар, сот төрағасы жаңа кодексте соттың белсенді рөлі артқанын, бұл ретте талап қоюшы мемлекеттік органның шешімімен келіспесе, сотқа талап арызбен жүгінсе жеткілікті екенін, ал мемлекеттік орган сотта «кінәлілік презумпциясы» қағидаты бойынша өз шешімінің, әрекетінің немесе әрекетсіздігінің заңдылығы мен негізділігін дәлелдеуге тиіс екенін, өз кезегінде сот тараптар ұсынған дәлелдемелермен шектеліп қалмай, дауды шешуде маңызға ие барлық мән-жайларды жан-жақты, толық әрі объективті зерттеп, өз бастамасы бойынша қосымша дәлелдемелер жинауға және істің заңды тұстарына жататын құқықтық негіздемелер бойынша өзінің алдын ала құқықтық пікірін айтуға құқылы екенін атап өтті. Бұдан басқа жаңа кодексте «Татуластыру рәсімдерін» кеңінен қолданылуы қарастырылғанан, яғни, тараптар дауды татуласу, медиация не партисипативтік жолмен шешуге болатынын айтты. Сонымен қатар, жаңа кодексте ескерту, сот отырысы залынан шығарып жіберу және ақшалай өндіріп алу түріндегі процестік мәжбүрлеу шаралары көзделгенін және сот өз шешімдерінің орындалуына қатаң бақылауға алатынын түсіндірді. Сөз соңында сот пен басқа да мемлекеттік органдар әрдайым жаңа заңнамалар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отыруы қажет екенін, өйткені, халықтың заң сауаттылығының деңгейі - бұл кез келген қоғамның дамуының маңызды аспектілерінің бірі екенін атап өтті.

Кездесу соңында сот төрағасы ауыл тұрғындарына жеке қабылдау өткізді.

Қаратөбе аудандық соты

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.