Студенттер үшін «Ашық есік күні»
Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сот билігіне халықтың сенімін нығайту мақсатында «Ашық есік күні» өткізді.
Іс-шараға Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің заң факультетінің үшінші курс студенттері қатысты.
Кездесу барысында сот төрағасының м.а. Б.Ермаханов сотта қаралатын істердің санаттары және олардың қаралу мерзімдерімен ерекшеліктері туралы айтты.
Студенттерге соттың заманауи форматтағы жұмыстары, фронт-кеңсенің, сот отырысы хатшыларының және сот мұрағатының жұмыстары таныстырылып, сот ғимаратында экскурсия жүргізілді.
Кездесу барысында студенттер сотта тағылымдамадан өту шарттары және мемлекеттік қызметке кіруге қатысты сұрақтарға жауап алды.
Төраға міндетін атқарушы өз кезегінде студенттерге оқуда сәттілік тілеп, іс-шараға қатысқандары үшін алғысын білдірді.
Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты
[xfvalue_img]