1 желтоқсан- ел тарихы үшін елеулі күн

1 желтоқсан- ел тарихы үшін елеулі күн

     Көп жылдар бойы қазақ халқы тәуелсіз ел болуды армандады. Бақытты өмір сүруді қалады. Қазақ халқының бұл арманы 1991 жылы 1 желтоқсанда орындалды. 1 – желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні. Өйткені 1991 жылы 1 желтоқсанда қазақ елі өзінің тұңғыш президентін Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты сайлады. Бұл күннің шығу тарихына шолу жасар болсақ, 2011 жылдың 10 желтоқсаны күні ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының бастамасы мен «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» ҚР Заңына толықтыру енгізу туралы» ҚР Заңы қабылданған болатын. Заң 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнін аталып өтіледі. 
           Қазақстан 16 желтоқсан күні өз тәуелсіздігіне ие болды. Бұл Қазақстанның жаңа өмірге басқан үлкен қадамы еді. Қазақ халқының ең қиын кездерінде билікті қолыны алып, қандай қиын жағдайлар болсын шыға білді. Елбасымыз не жасаса да біздің игілігіміз бен жарқын болашағымыз үшін жасайды. Еліміз өте тез дамып келеді. Қазақ тілінің тәуелділігін асырды. Қазақстанның жас азаматтары үшін қазақ тіліндегі балабақшалар, мектептер, спорт кешеңдерін және т.б оқу орындарын ашты. Қазақстан тарихы, мәдениеті, әдеби шығармалары, өзінің ақын-ғалымдарымен, әлемдегі алып жатқан жерлерімен дүниеге танымал. Біздің кең байтақ әдемі жеріміздей жер бұл дүниеде жоқ шығар. Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Біздің Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Адамның ұлты бейбітшілік пен достастыққа кедергі емес. Елімізде түрлі ұлт адамдары татулықта бірге жұмыла отырып, қызметін әр түрлі саласында еңбектенуде. Біздің халқымызда елін ардақтау сезімі өте терең дамыған. Халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз өз елің сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Біздің осы бір қасиетіміз жанымызға ана сүтімен тарап, мәңгілік сақталып келген. Өйткені Отан бізге оттан да ыстық. Мен осындай елде туғанымды мақтан тұтамын. Өйткені қазіргі кезде басқа елдерде соғыстар, көтерілістер, ашаршылық болып жатыр. Ал біздің елбасымыз мұңдай жағдайларға жол бермей, елді тек жақсы өмірге бағыт беруді. Қазақстанның қарулы күштері болса біздің болашағымызға қауіп-қатер толмауына дәлел бола алады. Біздің еліміз әрқашан да бейбітшілікті құрметтеген. Елбасымыз Қазақстанымызды соғыстардан алуақ ұстаған.. Басқа елдермен дипломатиялық қарым-қатынастарын жақсарта түсті. Елді адал басқарды, халықтың құрметіне ие болды. Қазақстан дамыған елдер қатарына кірді. Әр адам өз туған жерін құрметтеуі және сүю керек. Себебі, адам баласы туған жерсіз, Отансыз өмір сүре алмайды. Әр адамның тұрақты үйі, мекені болуы қажет. Сонда ғана адам бақытты өмір сүре алады. Президентіміз Қазақстан елордасын Астанаға көшірді. Біздің қазіргі елордамыз туралы үлкен мақтанышпен айта аламыз. Астана мәдениеті мен экономикалық жағынан дамыған, білім мен ғылымның орталығына айналған өте әдемі үлкен қала.. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік таулары, мөлдір көлдері, өзендері, неше түрлі өсімдіктер өсетін жазықтары. Еліміздің көгінде тәуелсіздік туы желбірегеннен бері өшкеніміз жанданып, өлгеніміз қайта тірілді, ата-баба дәстүрі көш түзеді, халқымыз еңсесің тіктеп жарқын болашаққа қол созды. Содан бері 30 жылда зырғып өтті. Қазіргі Қазақстан туралы айтатын болсақ , көкірегінде мақтаныш сезімі кернеп еске аларлықтай жеткен жетістіктері, асқан асаулары мен бағындырған жаңа белестері бар. Қазір еліміз дамып келуде. Еліміздің дамуына әр-бір отан сүйгіш азамат теңізге тамған тамшыдай болса өз үлесін қосуы керек деп ойлаймын. Қазақстан менің туған жерім. Өз елімді мәңгіге мақтан тұтамын!

БҚО қылмыстық істер жөніндегі   

мамандандырылған ауданаралық

сотының жетекші маманы Н.Мажитова

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.