1 желтоқсан- Тұңғыш Президент күні

1 желтоқсан- Тұңғыш Президент күні

Елдің іргетасын қалаған  тұлғаларды ардақтау, олардың билікке келген күнін ұлттық мейрам ретінде  атап өту- дамыған, өркениетті  елдердің дәстүрлерінің бірі.

       2012  жылдан бастап біздің елімізде де осындай мереке жарияланып, жыл сайын 1 желтоқсанда өткізілуде.

       Бұл күні 1991 жылы елімізде алғаш рет  Президент сайлауы өтіп,  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев Президент болып сайланған. Сол кезден бастап  ұлт тарихында  жаңа өзгерістер  бастау алып, саяси, экономикалық, әлеуметтік өзгерістер  жүзеге аса бастаған.

       Н.Ә.Назарбаев еліміздің дамып жетілуіне зор үлес қосқан дара тұлға екеніне еш қүмән жоқ. Тәуелсіздік алғаннан бергі атқарылған жұмыстарды тізбелемегенде,  бүгінгі күні әр ұлтпен тату-тәтті өмір сүруіміз, жеткен жетістіктеріміз, бағындырған белестеріміз Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың айқын саясатының нәтижесі екені даусыз.

       Н.Назарбаевтың 1991 жылы 29 тамыздағы  жарлығымен Семей ядролық полигоны жабылған. Бұл Елбасының ерлігін жер жаһанға танытып,  кейіннен  әлем  мойындаған  бастамаға ұласты.

       2020 жылы Астанада өткен «Экспо» халықаралық  көрмесі Қазақстанның  мәдениетін барша әлемге  танытқан.

       Елімізде адам құқықтарын,  демократияны дамыту бойынша да көптеген жұмыстар атқарылған.

       Ең маңызды мәселелердің бірі ретінде Президент  судьяларды іріктеу  жүйесі мен сот жүйесінің жабықтығын  айтқан болатын. Қазіргі таңда сот лауазымына үміткерлерді  іріктеу тәртібі күшейтілген, соттың іс жүргізу өндірісіне біраз өзгерістер еңгізіліп, халыққа қол жетімділігі қарастырылып, нәтижесінде Қазақстан Республикасының сот жүйесінің мәртебесі мен соттарға халықтың сенім деңгейі артқаны белгілі.

     Берекеміздің бастауы саналатын бұл күнді мерекелеу еліміздің әр бір адамының Отан сүю рухын арттырып, патриоттық сезімін оятуға ықпал жасайды деп түсінуге болады.

        Мемлекетімізді мығымдап, халқымызды әлемге танытып, қазақ елінің абыройын асқақтатып отырған  Елбасының батылдығын, кісілік келбетін, санқырлы талант иесі, биік тұлға екенін  келешек ұрпаққа жеткізіп,  жас буынды елін сүйген, елі сүйген Ел басынан  үлгі алуға  тәрбиелеуіміз керек.

        Бүгінгі ұрпақ-ертеңгі ел үміті, сапалы білім алып, еліміздің дәулетті, жеріміздің сәулетті болуы үшін  әрқайссымыз белсенділік танытып, еліміздің одан әрі гүлденуіне  өз үлесімізді қосуымыз керек.

        Туымыздың  тұғыры берік, еліміздің  еңсесі биік,  іргесі мықты болсын. Тұнғыш Президент күні құтты болсын.

Батыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған  ауданаралық сотының судья  

Ж.Б. Ешпанова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.