Сот бұрынғы жұбайынан неке бұзылғанға дейін еңбекке жарамсыз болып қалған бұрынғы жұбайының пайдасына алимент өндірді
Есіл аудандық сотымен бұрынғы жұбайынан неке (ерлі-зайыптылық) бұзылғанға дейін еңбекке жарамсыз болып қалған көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз бұрынғы жұбайының пайдасына алимент өндірілді.
Сотпен анықталғаны, тараптар заңды некеде түрған. Соттың шешімімен некелері бұзылған. Мүгедектік туралы анықтамаға сәйкес және медициналық әлеуметтік сараптаманың қорытындысымен талап қоюшы 1-ші, 2-ші топтағы мүгедек деп танылып, мүгедектік 2021 жылға дейін анықталған.
Бұрынғы жұбайынан алимент өндіру туралы талап қою арызын қанағаттандыруға негіз болатын жағдайларға: неке (ерлі-зайыптылық) бұзылғанға дейін еңбекке жарамсыз болып қалған жұбайының жағдайы және ерінің оны төлеуге қаражатының жеткілікті болуы.
Ерлі-зайыптылардың (бұрынғы ерлі-зайыптылардың) арасында алимент төлеу туралы келісім болмаған кезде, жұбайдан (бұрынғы жұбайдан) сот тәртібімен өндіріп алынатын алименттің мөлшерін ерлі-зайыптылардың (бұрынғы ерлі-зайыптылардың) материалдық және отбасылық жағдайларын және тараптардың басқа да назар аударарлық мүдделерін негізге ала отырып, алимент төлеу кезіндегі қолданылып жүрген айлық есептік көрсеткіштің еселенген қатынасында сот айқындайды.
Нұр-Сұлтан қаласы Есіл аудандық сотының судьясы
Ақсүйрек Сансызбаева
[xfvalue_img]