Болжамды сот төрелігі - басты назарда

Болжамды сот төрелігі - басты назарда

Мемлекет басшысының «ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ» атты Қазақстан халқына Жолдауында азаматтар мүддесіне қызмет ететін мемлекеттің жаңа стандарттарын әзірлеу үшін көп жұмыс атқару қажеттігі айтылып, сот жүйелеріне негізгі рөл жүктелді. Яғни, қоғамның соттарға деген сенімін орнықтыру басымдығы бар мақсатқа айналып, мемлекет пен судьялар корпусының өз күштерін жұмылдыру қажеттігі тапсырылды.

       Осыған байланысты, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында ағымдағы жылды «Болжамды сот төрелігі» деп аталды.                  

Атап айтқанда, сот жүйесінде жаңа технологияларды қолдану аясын кеңейіп, ақпараттық сервистерді қолдану арқылы сот отырыстарын офлайн немесе онлайн режимінде өткізіліп, жаңа жобалар іске асырылып, сот жүйесінде күн сайын өзгерістер енгізіліп жатыр.  

Болжамды сот төрелігінің мәні тереңде. Оны түсіну үшін оның жақын арада енгізілуін айқындап, жинақталған ақпаратты талдаудың әдістеріне жеке тоқталуды талап етеді.

Осыған байланысты, Жоғарғы соттың ахуалдық орталығы электронды статистикалық деректерді жинақтап, соттардың жұмысын жақсарту үшін  салыстырмалы талдау жүргізіп келеді. Яғни бұл орталықтың артықшылығы сот төрелігін іске асыру жағдайы туралы түрлі есептерді құрастыруға және жүктеменің артуы немесе кемуін және қаралған істердің динамикасын нақты көруге мүмкіндік береді. Соттардың азаматтық, қылмыстық, әкімшілік істерді бірдей қарауларына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, электронды құжат айналымын ұйымдастыруға да көмек көрсетеді.

Міне, заман талабына сай жасанды интеллект элементтерінің алгоритімін енгізу сот төрелігінің болжамдық сипатын арттыруға, сот төрелігіне қолжетімділікті жеңілдетуге бағытталған және сот төрелігінің сапасын көтеріп, азаматтардың сенімін арттыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, Жоғарғы Сотпен сот шешімдерін іздеу және болжаумен айналысатын жасанды интелектіні енгізу туралы жоба әзірленіп, соттардың жұмысын жеңілдету үшін жасалып жатыр. Алдағы уақытта соттардың смарт-көмекшілері (робот) пайда болады. Соттардың уақытын үнемдеп, маңыздырақ және күрделірек өзге істерді қарауға мүмкіндіктер береді деген ойдамын.

Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы Ж.О.Шыршықбаев

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.