Сот процесіне роботтандыру енгізіле бастады
Жоғарғы Сотпен судьяның жүктемесін азайтуға, сот процесін қағазбастылықтан арылтуға бағытталған мақсатта ІТ-технологияның жетістіктері көптеп енгізіле бастады.
Осы үрдіс әрі қарай жалғасын табуда.
Енді борышкерлерді Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу туралы сот орындаушыларының қаулыларын сотпен санкциялац процесі роботтандырылды.
Адамның қатысуынсыз роботтандырылған жүйе келіп түскен электронды материалдардың толықтығын және мерзімін қолдану туралы борышкерге тиісті хабарлама беру мерзімін тексеруге, тіркеуге және қажетті мәліметтерді толтыруға, шешімдерді судьяларға таратуға мүмкіндік береді.
Атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен жіберілген электронды түрдегі қаулылары сотта автоматты түрде тіркеліп, судьяның қарауына жіберіледі.
Ары қарай сот актісі автоматты түрде дайындалады да, судьяға тек қол қою жауапкершілігі жүктеледі.
Енгізілген жаңалық судьялар мен сот мамандарының жүктемесін азайтады, қателер мен процестік мерзімдердің бұзылмауына ықпал етеді деп күтілуде.
[xfvalue_img]