Қазақстанда атқарушылық іс жүргізу бойынша мобильді қосымша әзірленуде
Әділет министрі Марат Бекетаев бұл туралы халыққа кезекті есеп беру кездесуі барысында атап өтті – деп ҚР Әділетмині баспасөз қызметі хабарлады
Марат Бекетаев атап өткендей, ведомство сот актілерін орындауды жақсартуға бағытталған шаралар қабылдауда.
Мәселен, ағымдағы жылы азаматтарға қолайлы болу үшін мобильді браузерлер үшін қолданыстағы портал интерфейсіне оңтайландыру жүргізу жоспарлануда.
Ал 2021 жылы атқарушылық іс жүргізудің автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің (АІЖ ААЖ) мобильдік қосымшасын әзірлеу жоспарлануда, ол:
- атқарушылық әрекеттерді кабинеттен тыс жасауға;
- іс жүргізу тараптарының іс жүргізу құжаттарымен танысуға;
- қолданылған шаралар мәртебесінің өзгеруіне, санкция алуға жедел ден қоюға;
- атқарушылық іс жүргізу бойынша берешекті шаралардың (шоттарға, жылжымайтын мүлікке тыйым салу, шығуды, заңды тұлғаларды тіркеу әрекеттерін шектеу) автоматты алынуымен төлеуге мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, атқарушылық іс жүргізу тараптарының кабинеті арқылы өндіріп алушының атқарушылық құжатты ұсынуы бойынша функционал кеңейтілуде.
Министр атап өткендей, бүгінгі күні атқарушылық іс жүргізудің автоматтандырылған ақпараттық жүйесін (АІЖ ААЖ) одан әрі дамыту мақсатында екінші деңгейлі он төрт банктің мәліметтер базасымен шоғырландырылды. Енді сот орындаушылары онлайн режимде қаржы институттарында ауыртпалықтарды жедел жүктеп, алып тастай алады. Сонымен қатар нотариустардың атқарушылық жазбаларын электронды форматта алуға мүмкіндік беретін «Е-нотариат» ақпараттық жүйесімен өзара іс-қимыл іске қосылды. Сондай-ақ, өнеркәсіптік пайдалануға «СМС-хабарлама» сервисі іске қосылды.
Енді, нөмірлер тіркелген жағдайда борышкерлердің телефондарына іс қозғау және ол бойынша қабылданған іс жүргізу әрекеттері туралы ақпарат бар СМС келіп түсетін болады.
Атқарушылық іс жүргізуді цифрландыру нәтижесінде азаматтар сот орындаушылармен онлайн іс-қимыл құралдарына ие болады.
[xfvalue_img]
20 пікір