Мемлекеттік қызметші этикасы

Мемлекеттік қызметші этикасы

Мемлекеттік қызметкерлер де әкімшілік құқықтың субьектілері болып табылады. Соңғы кездері мемлекеттік қызметшінің этикасы мен имиджіне үлкен мән берілуде. Мемлекеттік билікке қатысатын тұлғалардың мінез-құлық нормалары мен принциптерін негіздеудің де мән –маңызы зор. Мемлекеттік қызмет ету мемлекет пен қоғам тарапынан білдірілген зор сенім болып табылады және мемлекеттік қызметшінің моральдық бейнесі мен имиджіне жоғары талаптар қояды. Мемлекеттік қызметші этикасы – маманданған ерекше топтың іс-әрекетінің нақты нормалары мен мінез-құлық стандарттарының белгіленген жүйесі. Бұл топтың негізгі міндеті – мемлекеттік қызметті іске – асыруды қамтамасыз ету. Мемлекеттік қызметші қызметінің негізін қалайтын принципі, негізгі міндеті – қоғам мен мемлекет мүддесі. Еңбек шеңберіндегі адамдар қарым-қатынасы әр түрлі нормативтік кодекстермен реттеледі. Өзін-өзі ұстаудың сыртқы түрлерін реттейтін, мінез-құлықтың қалыптасқан ережелері мен тәртіптер жиынтығы этикет деп аталады. Этикет – француз сөзі, қоғамда өзін өзі ұстай алу манерасы деген мағынаны береді. Өзін-өзі ұстау манерасы адамның ішкі мәдениетін және ой өрісін көрсетеді. Қызметтік этикет ақыл және ішкі құндылықтарға негізделген қызметтік қарым қатынастың негізін құрайды. Сонымен бірге қызметтік этикет – адамның мәдениеті мен ішкі құндылықтарының сыртқы көрінісі. Жалпы азаматтық және арнайы қасиеттерге тоқталу арқылы мемлекеттік қызметшінің этикалық бейнесін шығаруға болады. Жемісті еңбек болу үшін қызметшілер арасындағы қарым-қатынас үрдісінде өзара адалдық пен әділдікті талап етеді. Бұл мемлекеттік қызметшінің кәсіптік этикасындағы басты нормаға жатады. Адалдық пен әділдік мемлекеттік қызметшіге адамдармен қарым-қатынаста неғұрлым тез әрі тиімді жұмыс істеп, тіл табысуға олардың істері мен саналарын тез түсінуге мүмкіндік береді. Өз арымен келісімге келген мемлекеттік қызметшінің, мейлі ол заң бұзушыны қорғаса да, кінәлі адамдарға тым жұмсақтықпен қараса да , өз қызметінен қандай да бір пайда табуды көздеп отырса да , өз әрекетсіздігіне кешіріммен қараса да – бұл оның жеке басының әділсіздігі емес. Бұл – қызмет істеп жүрген мекеменің бедеріне нұқсан келтіру. Адалдық пен әділдік мемлекеттік қызметшінің кәсіптік этикасындағы өзге нормалармен – оның қайырымдылығымен , сезімталдығы мен көмекке дайын тұрар қасиетімен тығыз байланысты. Мұндай этикалық нормаларды қолдану мемлекеттік қызметшіге күн сайынғы жұмыс барысында кездесіп отырады. Мемлекеттік мекемеде көптеген мәселелер қаралады. Оның кез келгені адамдардың іскерлік әрекеттерімен тығыз байланысты. Мұндай этикалық нормаларды қолдану мемлекеттік қызметшіге күн сайынғы жұмыс барысында кездесіп отырады. Мемлекеттік мекемеде көптеген мәселелер қаралады. Оның кез келгені адамдардың іскерлік әрекеттерімен тығыз байланысты. Сондықтан белгілі бір мәселелерді шешерде, мейлі шаруашылық, мейлі басқару шешімдері болсын ұрысудың, есеп алудың (тіпті адам қателік жіберсе де) қажеті жоқ, ұстамды және қайырымды, жұмысқа жаны ашығандықпен мәселені шешу істің ілгері басуына көмектесетіндігі айқын.        Ұстамдылық мемлекеттік қызметшінің аса бір жоғары қасиеттерінің бірі болып саналады. Бұл адамның өзін өзгелерден жоғары қоймауынан, өзіне ерекше бір артықшылықтар алғандай сезімде болуынан көрінеді. Ол өзін қоғамдық тәртіпке саналы түрде бағындырып, өзгелерге деген құрмет сезімін жоғалтпайды, олардың ұсақ-түйек кемшіліктеріне кешіріммен қарап,өзінің кемшіліктерін дер кезінде түсініп, күресе біледі.  Мемлекеттік қызметші үшін өзіне шектен тыс сенімді болу, қызметтестеріне, бағыныштылары мен келушілерге шыдамсыздық көрсету – үлкен қателік. Қоғамдық және жеке өміріндегі ұстамдылық жаңа заман шенеунігінің басты қасиеті болуы тиіс. Мемлекеттік қызметшінің шыншыл болуы – оның маңызды моральдық қасиеті болып табылады. Ол екіжүзділікке, өтірік айтуға, мансап үшін өзгеше сипатта қарауға түсінуге қарсы. Мемлекеттік қызметшіге, өзге мамандық иелеріне қарағанда тәккәппарлық тіпті де жарасапайды. Ол адамдарға менмендікпен, олардың білімі мен тәжірибесін менсінбеушіліктен, өз арынын аса биік бағалаудан, қолы жеткен табысқа мастанудан, өз мүмкіндігін асыра бағалаудан көрінеді. Адамдарға деген жеккөрушілік пен әдепсіздікті білдіретін менмендік те мемлекеттік қызметшінің кешірілмес қатесі болып табылады. Менмендік адамның жеке бас ой-сана қызметінің жетілмегендігі. Қоғамдық пікірді есепке ала отырып, өз-өзіне ұдайы жетілдіруі ғана емес, өзгелерден де сондай жетілуді талап ету болып табылады. Талап қоя, сұрап білу де – мемлекеттік қызметшінің  кәсіптік имиджінің моральдық кодексінің талаптарының бірі. Талап ету – сенім білдірумен, сыйлаумен сабақтасып жату қажет. Қарым-қатынаста нағыз зайырлылықтың үлгісі ретінде мемлекеттік қызметшінің сапалық бір қасиеті – барлығына уақыт таба білу. Мұндай қызметкер қайырымды кеңесті, дұрыс айтылған сынды қабылдап, әр нәрсеге көңіл бөле біледі. Моральдық сапа қасиеттерінің ішіндегі ең шынайысы – мемлекеттік қызметшінің өз беделі. Беделдің жиналуы – өз ісін терең білуі мен қажымас еңбек, адалдық пен әділдік, қарапайымдылық пен байсалдылық, өзіне де өзгелерге де талап қоя білушілік және парыз бен жауапкершіліктің дамыған деңгейі. Бедел маңыздылығы мемлекеттік қызметшінің басқару объектісі әсерінен,оған берілген ойы , сезімі , моральдық құндылықтары арқылы көрінеді. Мемлекеттік қызметшінің басты қызметі болып табылатын адамдармен қарым-қатынастағы басшылық – қоғамның басты өндіруші күші – адамдармен « адам факторымен» жұмыс істей білушілік. Жеке қарым – қатынасқа тоқталатын болсақ. Өзін өзі ұстау манері өзара амандасудан басталады. Қызмет шарты бойынша «кім ақылды әрі тәрбиелі болса, сол бірінші амандасады». Әйел адамның қызметтік құқы ер адаммен бірдей болғандықтан, өзі бастап амандаса беруіне болады. Мемлекеттік қызметшінің жұмысы үкіметтің мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға бағытталған. Мемлекеттік қызметшінің әлеуметтік мәртебесі Қазақстан Республикасындағы демократиялық жаңарулардың дамуына қарай өсе бермек. Сондықтан мемлекеттік қызметшіге кәсіби және жеке тұлға ретінде өзін-өзі үнемі жетілдіріп отыру – басты мақсат болады. Мемлекеттік қызметші өзінің имиджін көтеріп, өзі мен қоғам алдындағы қызметінде әділ де адал болуы үшін күресуі тиіс. Бүгінгі мемлекеттік қызметші – мемлкеттік бет-бейнесі, айнасы. Мемлекеттік қызметшіге қарап мемлекетті таниды.Сондықтан мемлекеттік қызметші мемлекет мүддесін өзінің жеке бас мақсаттарынан жоғары қоя білуі тиіс. Қызметтік қарым – қатынас этикасы приницптерін, мемлекеттік қызметші этикетін сақтау, өзіндік оң имидж қалыптастыру мемлекеттік қызметшінің тек қызметтік міндеті ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің имиджі қатар жүретінін ұмытпағаны абзал. Мемлекеттік қызметші болу – бұл адамдармен тең қарым-қатынаста болу, кез-келген жағдайдан жол таба білу, өз сезімін басақара білу. Мемлекеттік қызметшінің «алтын стандартты» этикасы мен оң имиджін қалыптастыра алған мемлекеттік қызметші мемлекеттің мәртебесін арттыра түсетіні ақиқат.

Ж.Ильясова

БҚО қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданарлық соты

кеңсесінің бас маманы – сот мәжілісінің хатшысы

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

11 пікір

  1. аватар
    Marylou 30 сентября 2024 02:12

    терінің қатерлі ісігі, тері қатерлі ісігі тұлға психологиясы презентация негізгі
    капиталдың тозуы, кәсіпорынның негізгі капиталы презентация журегиннен
    бир орын бер заттыбек, заттыбек кавер шоу скачать
    ата заң дөңгелек үстел, эссе ата заң және тәуелсіздік

  2. аватар
    Jefferson 2 октября 2024 06:00

    узи плода петропавловск, медицинский центр петропавловск өткір кездік, болашақтың жеті қазынасы
    допты ойынға қосу түрлері, волейбол допты астынан соғып ойынға
    қосу реферат доллор в тенге, доллар в тенге на сегодня

    my web page: көктем туралы эссе 3
    сынып

  3. аватар
    Genevieve 16 октября 2024 05:36

    ұлттық тәрбие ұлт болашағы тәрбие сағаты бастауыш сынып, ұлттық қазына тәрбие сағаты магазин охотник каталог, оружейный магазин арсенал правила проведения торгов по продаже имущества должника, как проводится аукцион на понижение цены жәндік жануарлар

    Feel free to visit my web blog орман ресурстары және орман шаруашылығы

  4. аватар
    Arnette 31 октября 2024 19:43

    Great goods from you, man. I've bear in mind your stuff
    previous to and you're just too wonderful. I really like what you've obtained here, really
    like what you're stating and the way in which during which you are saying it.
    You're making it entertaining and you continue to take care of to keep
    it wise. I can't wait to learn far more from you. This is actually a terrific
    web site.

    Feel free to surf to my blog; вакансии в компрессорном

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.