Мас күйде көлік жүргізгені үшін бас бостандығынан айрылды
Жаңақала аудандық сотында Т-ға қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 346-бабы 1-бөлігімен айыптау туралы қылмыстық іс қаралды.
Т., бұрын Жаңақала аудандық сотының қаулысымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 3-бөлігмен 5 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айрылған бола тұра, осы жылдың тамыз айында өзіне тиесілі емес автокөлікті алкогольдік масаюдың орташа дәрежесінде басқарған. Сот отырысында сотталушы Т. өзіне тағылғана айыпты толық мойындап, әрекетінің дәрежеленуі мен дәлелдігіне дау туғызбады.
Сот, сотталушы Т-ға жаза тағайындағанда оның жеке басын, атап айтқанда, ол соттың қаулысымен көлік құралын басқаруға тыйым салынғанына қарамастан, өзіне ешқандай қорытынды жасамай, түзелу жолына түспей көлік құралын алкогольдік масаң күйде қайта басқарғанын, жасалған құқық бұзушылықтың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, атап айтқанда, сотталушының мас күйінде көлік құралын басқарып, айналасындағыларға және жол қозғалысы қауіпсіздігіне елеулі қатер төндіргенін ескере отырып, тағайындалған жазаның сотталушының түзелуіне және жаңа құқықбұзушылықтардың алдын алуға қажетті және жеткілікті жазаны тағайындау туралы қағиданы басшылыққа алып, сот оған өмір бойына көлік құралын басқару құқығынан айыра отырып, 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Жаңақала аудандық сотының баспасөз қызметі.
[xfvalue_img]
12 пікір