Бригада жұмыскерлері алқа судьяларына алғыс білдірді
ҚР Жоғарғы Сот Төрағасының атына Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны Ж.-дан алғыс хат келіп түсті.
Хат иесі және СКО-ның Пресновск су құбырының құрылысына жұмылдырылған бригада ұжымы Нұр-Сұлтан қаласы сотының судьялары Т.Ю.Мирзоянға, М.Т.Қасымоваға., Г.С.Джаппароваға ризашылығын білдірді.
Хат иесі апелляциялық соттың жергілікті бригада жұмыскерлерінің мүддесін қорғай келе, заңдылықты қалпына келтіргені үшін алғысын жаудырды. Оның айтуынша, судьялар істі қарау барысында кәсібилік мен бейтараптық танытты, ол кезегінде еліміздің сот жүйесінің беделін нығайтуға септігін тигізеді.
Нұр-Сұлтан қаласы сотының баспасөз қызметі
[xfvalue_img]