Гендерлік теңдік идеясы «Әйелдердің дамуы»

Гендерлік теңдік идеясы «Әйелдердің дамуы»

 

Дәстүрлі дала мәдениетінде қазақ әйелдері өздерінің отбасылық қана емес, қоғам мүшесі ретіндегі әлеуетін өнер-білім саласында, сонымен қатар қоғам қайраткерлері ретінде өзін-өзі дамытып келеді. Қазақы ортада, отбасының мүддесі жоғары тұруы керек деген тәрбие алған  қазақ аруларына қоғамдық-әлеуметтік ортада белсенділік танытуына кедергі емес.

Қазіргі қоғамның қай бағытын алсаңыз да барлық салада қазақтың көрсе көз тоймайтын сұлу қыздары жүр. Олар – кешегі тарихымыздағы Болған ана, Домалақ ана, Дарабоз аналарамыздың ізін жалғастырушылар.

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан гендерлік саясатты жүзеге асыру жолында белгілі бір жетістіктерге жетті. Бірінші кезекте бұл әйелдердін мүмкіндіктерін дамытуда, ер азаматтар мен әйел азаматтарының еңбек жағдайларының теңдесуі.

Гендерлік теңдік идеясы «Әйелдердің дамуы» атты БҰҰ бағдарламасында белгіленген, оның негізгі ережелері, әйел – бұл әлемдік қоғамның экономикалық дауына өзінің шешуші жарнасын жасауға қабілетті, адамзаттың қолданылмаған ресурсы ретінде қаралады. Ал біздің еліміздегі гендірлік теңдік саясатының міндеттері билік құрылымына әйелдер мен ерлердің тең қатысуы, экономикалық тәуіелсіздік үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, отбасындағы тең құқықтар мен міндеттер үшін талаптар құру, жыныс белгілері бойынша күштеу бостандығы, біздің қоғамымыздың дамуында әйелдердің рөлін бұдан әрі дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын шешімдер қабылдау болып табылады.

2009 жылы 8-ші желтоқсанда Елбасының  «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» Заңына сәйкес, мемлекеттік органдар басшыларына ерлер мен әйелдердің тәжірибелеріне, қабілеттеріне  және кәсіптік даярлықтарына сәйкес мемлекеттік қызметке тең қолжетімділігінің қамтамасыз етілуін, олардың жергілікті басқару органдарында,сондай ақ мемлекеттік биліктің заңнамалық,атқарушылық және сот тармақтарында тең серіктестік қатынастарының сақталуын міндеттейді.

Бұл заңның жетістіктерінің бірі – ерлермен әйелдердің жынысына қарамай өмірдің саяси,экономикалық, әлеуметтік, қоғамдық және мәдени салаларына тең құқық пен тең мүмкіндік бере отырып, шынайы қолжетімділікті қамтамасыз ететін құқықтық мәртебе ретінде «гендерлік теңдік» ұғымын заңнамалық тұрғыда бектітуі болып табылады.

Қорыта айтқанда, «Мәселе жыныстардың біреуінің күштілігінде, мықтылығында емес, олардың әртүрлігінде. Егер біздер осы айырмашылықтарды көріп және оларды шығармашылықпен қолдана алсақ, барлығымыз, әйелдер де, еркектер де бірдей дәрежеде бақыттырақ болар едік»  Колумбия университетінің фолисофия доктары, психолог Джойс Бразерс демекші. Қазіргі заманауи заманда қазақ қыздары өздерінің ұлттық ерекшеліктерін, табиғи нәзіктіктерін, ибалылықтарын сақтай отырып, адам іс- әрекеттерінің барлық түрлеріне араласып жетістікке жетсе, нұр үстіне нұр болады.

Ақмола гарнизоны Әскери сотының бас маманы А.Бадигулова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.