Татуласу - жанжалдан шығудың лайықты жолы

Татуласу - жанжалдан шығудың лайықты жолы

 

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі жолдауында: «Қазақстан жаңа шындықта: әрекет уақыты» мемлекеттің қатысуынсыз ымыраға келуге  дауларды шешудің балама әдістерін жасаудың маңыздылығы аса зор ықпал  ететіндігін айтып өткен.

     Сонымен қатар Батыс Қазақстан облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кәмелет жасқа толмаған  баланың тұрғылықты жерін анықтау туралы азаматтық ісін қарады.

      Сот отырысында тараптар арасындағы некенің бұзылғандығы және

 олардың некелерінен ортақ бір баланың бар екендігі анықталды. Отбасы бұзылғаннан кейін кәмелетке толмаған баланың тұрғылықты жері анасымен бірге  анықталды.

       Талапкер Т.В. жауапкер Т.М. -ға қатысты баланың тұрғылықты жерін анықтау туралы талап арызымен сотқа жүгінді, талап қоюшы өз талап арызында  баланың шын мәнінде өзімен, яғни әкесімен  бірге тұратындығын негіз қылып алды.

       Тараптар арасындағы неке бұзылғаннан  кейін бала біраз уақыт бойы анасымен бірге тұрған, алайда көктемгі демалыс кезінде қызы  әкесінің үйіне көшіп барып,әкесімен бірге тұруға қалған.

       Сот отырысы кезінде кәмелет жасқа толмаған баланың ата -анасы дауды медиативтік келісім арқылы шешуге ниет білдіріп,дауды медиативтік келісімге келу арқылы шешкен.

       Сот ұйғарымы арқылы дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілді, келісімге сәйкес кәмелетке толмаған баланың тұрғылықты жері әкесімен бірге анықталды.

       Сотпен медиациялық келісімді бекіту туралы ұйғарым шығарылып, тараптардың медиациялық тәртіппен татуласуларына байланысты азаматтық іс қысқартылып, тараптарға «Медиация туралы» заңының 27 бабы және ҚР АПК 277, 278 бабының салдары түсіндірілді.

       Дауды бейбіт жолмен шешу кәмелетке толмаған баланың одан әрі үйлесімді дамуы мен тәрбиеленуі мақсатында ата -аналар арасындағы қарым -қатынасты сақтауға мүмкіндік берді және тараптар баланың  мүддесі үшін  оның тәрбиесіне өзара құрмет көрсетуге, балаға қатысты барлық мәселелерді даусыз шешуге уәде берді.

      Аталған азаматтық іс бойынша шығарылған сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ. 

 БҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі Ж.Утегенова

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

7 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.