Мемлекеттік қызметшінің мінез-құлық психологиясы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет

Мемлекеттік қызметшінің мінез-құлық психологиясы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет

Қазақстанның өсіп өркендеуінің кілті жастарда. Ел дамуының жаңа кезеңімен тәуелсіздігіміздің үшінші он  жылдығында білімді, тәрбиелі, өнегелі жастарды қалыптастыру  тәуелсіз мемлекетіміздің өркен жаюының негізі екенін Елбасымыз баса айтып өткен. Өмір талабына сай елімізде құқықтық білімді, құқықтық сана мен тәрбиені жетілдіру басты міндет. Контитуцияға сәйкес Қазақстан Республикасы демократиялық зайырлы, әлеуметтік, құқықтық мемлекет. Құқықтық мемлекеттің негізгі атқаратын қызметі қоғамдық өмірдің барлық салаларын  заң, әділетті  құқық нормасымен ретке келтіру, басқару, қызмет көрсету салаларында заң талаптарын басты басшылыққа ала отырып, адам, қоғам ,мемлекет мүддесіне адал қызмет  атқару болып табылады.   Қоғамдық өмірде болып жатқан өзгерістер жағдайында елде қабылданған бағдарламалық құжаттарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл  мәселелеріне ерекше назар аударылуда. Қазақстан Республикасының 2014 жылы қабылданған 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының  басты ерекшеліктеріне қазіргі кезендегі жұмыстың басты бағыттарының бірі – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру болып табылады. Дегенмен қазіргі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің, дүниетанымдық, этикалық, рухани аспектілерін жан жақты көрсететін тиісті әдебиеттер әлі де аз. Тұлғаны сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет тұрғысынан тәрбиелеуде отбасының рөліне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің ұлттық негіздеріне, шетелдерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы  мәдениетті қалыптастыруға көп назар аударылған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – адамның саналы және адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра білу қабілеті болып  табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың феномені  болып табылады.Ал сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана –бұл қоғамдық сананың барлық нысандарын қамтиды.Бұл интегративті ұғым., Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет өз мазмұнына мәдениеттердің барлық қалған түрлерінің элементтерін қамтиды, бұл олардың тұтастығының жалғыз субьектісі ретінде адамның өзінің табиғатымен байланысты. Мәдениет жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет  айрықша функцияларды орындап, қоғамның белгілі бір тұтастығы мен ұйымшылдығын сақтай отырып, ерекше орын алады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бұл отбасындағы мәдениеттен басталады. Отбасында балаларды мәдениеттілікке тәрбиелеу, отбасының адамгершілік жауапкершілігін арттыру, отбасында борыш, адалдық, арнамыс, әділдік  пен ар ождан рухында тәрбиелеу  тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің негізі ретінде қоғам мен мемлекеттің тарапынан сұранысқа ие болуы тиіс. «Отан отбасынан басталады»деген  осының нышаны. 

Жазира Самархан

Орал қаласының №2 сотының бас маманы – сот отырысының хатшысы

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.