Татулыққа талпынған тиімді
Медиация туралы заң қабылданып, қағамымызға медиаторлар институтының еңгізілуі дана билер мұратын жаңғыртудың айқын көрінісі. Қандай мұрат десек, екі жақты татуластыру, табыстыру билер сотының түпкі мақсаты болған. Бұл мақсатты бүгінгінің билері жоғары деңгейде жалғастыруда.
Есбасы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында адами капиталдың сапасын жақсартуды тапсырды. Бұл процесте әлеуметтік медиация тетектері маңызды рөл атқарады. Медиацияның соттағы іс жүргізу процесінен айырмашылығы – еркіндігінде. Рәсім сипаты жағынан жария емес. Мұнда тараптарға медиаторды тандау мүмкіндігі берілген. Сотта шешім құқық пен заң нормалары негізінде қабылданса, медиация рәсімінде шешім тараптардың өз мүдделерінің келісімге келуі негізінде қабылданады. Азаматтық істі сотта қарағанға дейін жасалған дауды реттеу туралы келісім тараптардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған мәмілені білдіреді. Сот тәртібінде қарастыруға тиісті даулардың санын қысқартып, оларды шешудің баламалы тәсілдерін қолдану адам құқықтарының әділ сақталуының кепілі.
Медиацияны қоғамға дендеп енгізу еліміздің әлемдегі бәсекеге қабілетті мемлекеттердің қатарына қосылуына бағытталған маңызды қадамдардың бірі. Жаңа заманда жүзеге асып жатқан медиация заңы біздің болмысымызға тән, екі жақтың да ақ батасын алатындай дәрежеге жеткізеді. Еліміздің Жоғарғы Соты бабалардың осындай бай мұрасын заманға сай жаңғыртуды өлшеусіз еңбек етуде. Жоғарғы Сот төрағасы бұл тұрғыда елге үндеу жариялап, онда жұртшылықта екі ауыз сөзбен ердің тағдырын шешкен ата-бабаларымыздың дәстірімен бәтуалы бітімге жол іздеуге шақырды. Әрі, қатулықтан гөрі татулыққа талпынудың тиімді екенін жан-жақты саралап берді. Сондықтан, дәстүрлі қазақ қоғамында қалыптасқан билік институтының құқықтық нормаларды реттеудегі озық үлгілерін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуге тиіспіз.
Ж-М.А.Вебер
Сырым аудандық сотының Кеңсе меңгерушісі Батыс Қазақстан облысы
[xfvalue_img]